Әлем
Әлемде 2 мыңнан астам ұлт бар. Олардың әрқайсысының тарихы мен мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрі мен наным-сенімі қалыптасқан. Бұл материалдан әлемдегі ең сұмдық дәстүрлер туралы білесіз.
Каннибализм
Бұл дәстүр қазіргі кезде де сақталған. Үндістанның Варанаси қаласындағы Ахгори Бабы сектасындағы адамдар арасында өлген адамды жеу дәстүрі әлі де бар. Бұл арқылы адамдар өлім алдындағы қорқынышын жеңіп, жарқын болашаққа қадам басады.
Индуизм діні бойынша 5 категориядағы адамның денесін өртеуге болмайды. Олар: әулиелер, балалар, екіқабат әйелдер, қыздар және жылан шаққаннан кейін өлген жандар. Оларды Гангада жерлейді, ал ахгори мәйіттерді қазып алып, жейді.
Күштеп тамақтандыру
Әйел адамдардың көбі сұлу болып көріну үшін өзімен жұмыс істеп жатады. Ал Мавританияның кейбір аудандарындағы еркектер семіз әйелдерді ұнатады, сол себепті келіншектерін тойдың алдында күштеп тамақтандырады.
Бұл дәстүр ХІ ғасырда пайда болған, әлі күнге дейін қолданыста. Оны «Leblouh» деп атайды.
Сонымен қатар аталмыш дәстүр Африканың басқа да аудандарында қолданылып келеді. Егер жаңа түскен келінді үйде тамақтандыру мүмкін болмаса, оны күштеп тамақтандыратын арнайы фермаларға жібереді.
Жылаумен өтетін той
Қытайдағы Сычуань провинциясында тұратын туцзя ұлтында жүздеген жылдар бойы «Цзо Тан» деп аталатын дәстүр сақталған.
Бұл дәстүр бойынша қыз тұрмысқа шығуына бір ай қалғанда күнделікті түнін жылаумен өткізеді. Тойға 20 күн қалғанда оның жанына анасы, ал 10 күн қалғанда әжесі қосылып жылайды. Тойға дейін олар түндерін осылай өткізеді.
Олардың ойынша қыз бала үйінен кететін кезде өліп, жаңа отбасыда, жаңа текпен өмірге келеді-мыс.
Қызды сүндетке отырғызу
Азия мен Африканың 30-дан астам елінде қызды да сүндетке отырғызады. Бұл дәстүр көбіне мұсылман елдерінде кездеседі. Ғалымдардың өзі мұның денсаулыққа пайдалы екенін айтады.
Бұл – медициналық ілімге сүйенбей, діни фанатизмнен туындаған дәстүр. Варварлық процедура нәтижесінде болашақ әйел жақындық рахатынан мәңгілікке айырылады.
Аталмыш дәстүрді ұстанатын ұлттар бұл қызды тазалайды деп сенеді. Ал физиологиялық тұрғыдан алып қарасақ, процедураның салдарынан қыз бала ауру жұқтыру немесе инфекция түсу қауіпі бар.
Биіктен секіру
Тынық мұхитындағы аралдардың бірінде орналасқан Бунлап селосы ерекше әрі қауіпті Гкол деп аталатын салтымен танымал болды.
Аталмыш діни салт бойынша үлкен мұнара орналасады. Батылы жеткен адамдар аяғына қалың жіп байлап, мұнарадан секіреді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, адам қаншалықты биіктен секірсе, соншалықты жаратушының рақымын иеленеді.
Еуропалықтар үшін бұл – өте қорқынышты дәстүрлердің бірі. Алайда Гкол салтынан бастау алған банджи-джампинг қазірде күллі әлемге танымал.