Bugin

150 жыл бұрын жүкті әйелдерге дәрігерлер тарапынан жасалған таңқаларлық ұсыныстар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дәрігерлердің жүктілікке қатысты рецептілері қатаң сақталуы тиіс. Бірақ, осыдан 100-150 жыл бұрын жүкті әйелдерге айтылған емдеу жолдары бүгінгі заманның адамдарына оғаш болып көрінуі мүмкін. Себебі, ол кездегі жүкті әйелдер корсет киді, ал басқаларына дәрігерлер тарапынан темекі шегіп, алкогольдік ішімдік тұтынуға рұқсат етілді. 

1. Жүкті әйелдерге арналған корсеттер   

Виктория дәуірінде әйелдердің сыртқы келбеті қатаң түрде тексерілді. Корсет кию міндетті болды және жүкті әйелдерде ерекшелік болмады. Корсеттер үлкейген ішті қатты қысып, тартып тұрды. Кейбіреулер корсет жүкті әйелге қосымша тірек болады деп сендірді. Алайда, ұрық қалыпты дамымай, нәтижесінде түсік пайда болды.   

2. Босану кезінде хлороформмен жансыздандыру   

Жүктілік пен босану кезіндегі азапты жеңілдету үшін ХІХ ғасырда дәрігерлер анестезияны қолдана бастады. Науқастар хлороформды ингаляциялаған. Тіпті патшайым Виктория соңғы екі баласын осы наркозбен дүниеге әкелді. Бірақ, әдеттегідей, мұның екінші тұсы да болды. Хлороформ жүйке жүйесіне кері әсерін берді. Көптеген әйелдер үшін босану кезінде тек ауырсыну ғана емес, сонымен қатар басқа да сезімдер болды, сондықтан балалар өлі туылып жатты.   

3. Жүктілікті жасыратын көйлектер  

Бір жарым ғасыр бұрын шығыңқы қарын көпшілік ортада әдепсіз болып көрінді. Сол себепті, оны жүкті әйелдер киім астында жасырған. Кринолиндік көйлектер сәнде болған кезде, корсет белді тартып, кринолиннің сақиналары көтерілді. Соның арқасында жүкті ханымдар әлдеқайда сымбатты болып көрінді.   

4. Темекі шегу 

Бүгінде темекі шегудің денсаулыққа зияны бар екенін бәрі біледі. Бірақ Виктория дәуірінде ол мүлдем керісінше болып саналды. Сонымен қатар, дәрігерлер жүкті әйелдерді темекі шегуге шақырды, бұл ас қорытуды жақсартуға ықпал етеді деп сендірді.    

5. Алкоголь 

Темекі шегуден басқа әйелдерге қызыл шарап ішуге рұқсат етілді. Алкогольді аз мөлшерде тұтыну денсаулыққа пайдалы деп танылды.  

6. Күнге шықпау 

ХІХ ғасырда жүктілік кезінде әйелдерге тағы бір шартты орындау керек болды: күнге шықпау. Бұл ұрыққа теріс әсер етеді деп есептелді. Сондықтан жүкті әйелдерді ауа райына қарамастан ұзын жеңді көйлек пен қолғап киюге, қолшатыр мен панама киіп жүруге мәжбүр болды.