Bugin
Оның фотосуреттерінде - студиялардағы жарқыраған модельдер емес. Тіпті қалалық ұлдар мен қыздар да емес. Оларда дизайнерлік киім топтамалары да жоқ. Оның шығармаларында тері, қауырсын және үлбір киген адамдар бейнеленген. Олар камераны өмірінде бірінші рет көрсе де, ынтамен суретке түседі.
Джимми Нельсон қар басқан таулардан бастап, күнге қыздырынып жатқан шөлдерге дейін кесіп өтіп, дүние жүзіндегі адам аяғы баспаған аумақтарды мекендейтін ерекше тайпаларды суретке түсіреді. Ол өзінің деректі фотосессиясын «Олар жоғалып кеткенге дейін» деп атады.
Модельдерді, сәнді киімдер мен бағалы аксессуарларды найзалар, сақиналар, маскалар мен қауырсындарға алмастырады. Ерекше қарабайыр экстерьер кез келген декорациядан жақсырақ.
Джимми Нельсон әлемнің 35 тайпасында болды, олардың 29-ында ол бар жоғы үш жылын өткізген. Фотограф осы адамдармен бірге тамақтанып, ұйықтап, бірге өмір сүрді, сондықтан ол тез арада солардың біріне айнала білді. Неліктен ол бұлай істеді? Бұл сұраққы Джимми Нельсон былай жауап береді:
«Мен олардың мәңгілікке жоғалып кетпес бұрын өмірін түсіріп, құжаттағым келді».
Нәтижесінде дүние жүзінде 370 миллионға жуық жергілікті тұрғындар бар екендігі белгілі болды. Олар осы ғасырдың өзінде аштықтан зардап шегіп, өз жерінен айырылып, уақыт өте келе жер бетінен мәңгілікке жойылып кетуі мүмкін.
Джимми Нельсон әлемді аралап, өркениетті әлемдегі адамдар білмейтін, жойылып кету қаупі төніп тұрған тайпаларды суретке түсірді. Бұл тайпа өкілдерінің саны ормандардың кесілуі, климаттың өзгеруі эәне техногендік апаттардың салдарынан жыл сайын азайып келеді. Фотограф Джимми Нельсон:
«Мен бұл керемет адамдар мен олардың дәстүрлерін түсіргім келді. Егер олар мәңгілікке кететін күн келсе, әлем оларды еске алады деген үміттемін».
Самбур
Самбур мал шаруашылығымен айналысады және жартылай көшпелі өмір салтын жүргізеді. Әр 5-6 апта сайын жаңа жерге көшіп келеді. Самбуру тайпасы Кенияның солтүстік және орталық аймақтарын мекендеген.
Хули
Папуа халқы. Оңтүстік таулы аймақтарда 1000 жылдан астам өмір сүрген халық.
Химба
Химба - Намибияның солтүстігінде тұратын көшпелі халық және бақташылықпен айналысады.
Асаро
Шығыс таулы провинциясының Горока қаласында мекен ететін папуа халқы. Адамдар денелерін ақ балшықпен сүртіп, арнайы балшық маскаларын киетіндігімен танымал. Олардың пайымдауынша, бұл сыртқы жауларды тойтаруға көмектеседі.
Яли
Папуа-Жаңа Гвинеядағы Балием алқабын мекендеген тайпалардың бірі. Яли көп әйелді болып табылады және олар сыйлық алмасу рәсімдерімен ерекшеленеді.
Рабари
Мың жылдан астам уақыт бұрын Иран үстіртінен Батыс Үндістанға қоныс аударған тайпа. Әйелдер барлық тұрмыстық және қаржылық мәселелерді шешеді, ал еркектері мал бағады.
Маори
Жаңа Зеландия халқының өз тілі, өнері, мифологиясы бар. ХVІІІ ғасырдан бері еуропалықтармен нашар қарым-қатынасына қарамастан, дәстүрлі маори өмірінің көптеген аспектілері бүгінгі күнге дейін сақталып келеді.
Вануату
Ең маңызды дәстүрлі шаралардың бірі – Тана аралындағы Тока фестивалі. Бұл мереке әртүрлі тайпалар арасындағы достықты білдіреді. Вануату аралдарында тұратын бұл тайпаның мәдениетінің ең маңызды бөлігі билер мен рәсімдер болып табылады.
Тибеттіктер
Тибеттіктердің ата-бабалары ежелден Цангпо өзенінің орта ағысының алабында өмір сүрген. Тибеттіктерде көптеген қызықты дәстүрлер, әдет-ғұрыптар мен рәсімдер бар.
Чукчи
Чукчалар - Азияның шеткі солтүстік-шығысындағы шағын байырғы халық. Олардың сенімі бойынша чукчалар анимистер.
Калам
Папуа-Жаңа Гвинеядағы биік таулы аймақтарды мекендеген тайпа.
Парик, бетперде және бет бояуы олардың күнделікті өмірінің маңызды элементтері болып табылады. Осы арқылы олар жау тайпаларын қорқытады.
Гаучо
Гаучо, мал бағумен және егіншілікпен айналысады.
Цатаан
Цатаан халқы - субарктикалық тайганың оқшауланған жерлерінде мыңдаған жылдар бойы аман қалған бұғы бағушылардың соңғы ұрпағы.
Қазіргі уақытта бүкіл тайпадан тек 44 отбасы қалды. Олардың әрі қарай жүргізетін тұрмыс-тіршілігіне бұғы санының азаюына байланысты қауіп төніп тұр.
Лоба
Лоба - Қытайда, Непалда және Үндістанда тұратын тибеттіктерге жататын этникалық қауымдастық.
Көптеген өкілдері әлі күнге дейін Жердің тегіс екеніне, аурулар зұлым рухтардың жазасы екеніне және тек монахтардың көмегімен ауруды емдей алатынына сенеді.
Ладахи
Ладахтар Үндістанның солтүстігінде тұрады. Жылына 4 ай егіншілікпен айналысады. Ал қалған 8 ай бойы ауа райының қолайсыздығынан байланысты ештеңемен айналыспайды. Бұл уақыт аралығында олар тек мерекелер ұйымдастырады.
Друкпас
Үндістан мен Пәкістан арасындағы даулы Ладах алқабында шашыраңқы орналасқан шағын ауылдарда шамамен 2500 друкпа тұрады. Лингвистикалық, мәдени және әлеуметтік жағынан олар көршілерінен - Ладактың көп бөлігін мекендейтін тибет-бирман тайпаларынан ерекшеленеді.