Саясат
Дербес тәуелсіздік жолында...
Бүгін бәрі мүмкін емес болып көрінуі мүмкін. Алайда, болашақтың дайындап қойған ғажайыптары да бар. Солардың бірі әрі бірегейі отар болып отырған елдердің немесе автономия ретінде өмір сүріп жатқан халықтың өз алдына дербес тәуелсіздік алуы. Шындығында алдағы 10 жыл ішінде қандай мемлекеттер тәуелсіз ел ретінде көрініс табуы мүмкін. Саралап көрейік.
Шотландия
Бұл Ұлыбритания құрамына кіретін саяси-әкімшілік маңызы бар автономия. 2014 жылы Шотландия іштей бөлініп шығуға және тәуелсіз ел болуға дайын болады. Тек халықтың 55% жеке ел болуға қарсы дауыс бергендіктен көтерілген мәселе қалып қойды. Шотландияның одан кейінгі жылдары да өздерінің саяси күштерін алға тартып, Ұлыбританиядан бөлініп шығуға деген ниеті тоқтаған жоқ. Шотландияның Ұлттық партиясы 2015 жылы жалпы Ұлыбританиядағы сайлау кезінде негізі орындарға ие болып, елдегі саяси жауапкершілігі жағынан үшінші орынға көтерілді.
Саяси шиеліністің бірі соңғы рет Ұлыбританияның Еуро Одақтан шығуы еді. Себебі, патшалық Шотландияның ойын білгісі де келген жоқ. Осы мәселеге келгенде, Шотландияның алдағы 10 жыл ішінде дербес мемлекет болып қалыптасуы әбден мүмкін.
Лондон
Бір елдің астанасы болып отырған Лондон қаласының Ұлыбританиядан бөлініп кетуі қисынсыз болуы мүмкін. Алайда, бәрі де болашақтағы саяси өзгерістерге байланысты. Мәселен, Лондонда 8 миллионға жуық халық тұрады. Жер көлемі жағынан да бірнеше шағын мемлекеттерден асып кетеді. Тек бұл емес, Лондонның тәуелсіз ел болуға ұмтылуына бас қаладағы иммигранттардың басты үлесі әсер етуі мүмкін. Әлемде туризмді дамытып отырған ең ықпалды қалалардың ондығына кіретін Лондонда сырттан келіп қоныстанушылардың саны 40%-дан көп.
Тәуелсіз Лондон мемлекеті туралы саяси мәселелер саясаткерлер арасында бірнеше рет талқыланып та көрген. Кім білсін, алдағы 10 жыл ішінде Лондон республикасы пайда болуы да ғажап емес.
Күрдістан
Таяу Шығыстағы соғыс оты, террорлық әрекеттердің ошағына айналып үлгерген Сирия, Ирақ елдерінде шашырап өмір сүріп жатқан күрдтердің жеке ел болуға деген ниеті бар. Анығы ниеттерін ашық түрде жариялап та келеді. Күрдтер алып державаға айналған АҚШ секілді елдерден өздерін мойындап, жеке дербес ел болуға құқылы екендерін бірнеше рет айтты, ескертті. Тіпті күрдтер ИГИЛ секілді террорлық ұйым деп табылған қарсыластармен күресе отырып жеңіске жетті және жеңіске жеткен жерлерін қайтарып беруден бас тартып отыр. Бұл жерлер Ираққа тәуелді. Сирияның негізгі бөлігі түрлі бомбылауға ұшыраған күннің өзінде, негізгі күш күрдтердің қолында тұр.
Каталония
Каталония – Испаниядағы өте тұрақсыз провинца. Барселона – испандардың экономикалық жақтан негізгі қозғаушы күші. Ал Каталония қай жағынан алса да бай. Мәселен өздеріне тән үнді-еуропалық тілдер жанұясындағы роман тілдерінің окситан-роман тармағына жататын каталан тілдері де бар. Каталония жеке тәуелсіз ел болуды күшпен болсын алуға дайын.
2014 жылы мемлекеттен тыс, Испаниядан бөлініп шығу туралы Каталонияда референдум өтті. Бұл референдумда жергілікті халықтың 80 % дербес ел болуға дауыс берген. Осыдан бірнеше жыл бұрын Каталония 2017 жылы тәуелсіз ел болуы мүмкін деген болжам да болған. Әзірге бұл болжам орындалған жоқ. Алайда, олар өздерінің нені талап етіп отырғандарын бүкіл әлемге паш етті.
Біріккен Еуропа штаты
Соңғы кездері Еуро Одақта болып жатқан саяси мәселелердің түбі бірігуге, кәрі құрылықты ортақ мүдде жолында күресуге шақырып келеді. Мәселе АҚШ-тың НАТО-дағы үлесі мен Еуропаға тигізіп отырған әсерімен байланысты. Осыған байланысты алдағы 10 жылда Еуропа біртұтас ел ретінде көрініс беріп, «Біріккен Еуропа штаты» деген тәуелсіз алып держава құруы да мүмкін. Өз армиясы, өз валютасы бар елге айналады.
Бұл саяси әрекет кеше немесе бүгін айтылған жоқ. 1946 жылы Уинстон Черчиль бастаған билік өкілдері де мұны құптаған. Сарапшылар Еуро Одақтың алысқа бармай ыдырайтынын немесе біз айтып отырған бір мүдде жолындағы дербес тәуелсіз алып держава болуы мүмкін деген ойды айтады.