Саясат

АҚШ-та бала туып, байып кететіндердің арманы енді орындалмайды

Дональд Трамп мәлімдемесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-қа қоныс аударған кез келген азаматтың баласы сол жерде дүниеге келсе америка азаматтығын бірден алуға мүмкіндік бар еді. Енді бұл мүмкіндік заңды түрде тоқтауы мүмкін. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді.

Ақ үйдің Axios басылымына берген сұқбатында президент АҚШ жерінде дүниеге келген балаға бірден азаматтық беру мәселесі бойынша конституцияға өзгеріс енгізуі мүмкін. Алайда, бұл әлі даулы мәселе. Себебі, президент заң тұрғысынан бірнеше қиындыққа тап болуы мүмкін деп отыр.

"Адамдар АҚШ-қа келіп балаларын дүниеге әкеледі. Кейін ол бұл елде 85 жыл бойы АҚШ азаматы ретінде тіркеліп, біздің барлық жақсылықты көреді. Бұл ендігі ақымақтық. Бұған шектеу қою керек",-дейді Дональд Трамп.