Bugin

Тарихта әйелдерге қолданылған ең ауыр жазалар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Кез келген әйел немесе қыз өмірінде бір рет болсын орта ғасырларға, рыцарьлар дәуіріне оралуды армандаған шығар. Себебі, ол заманда әйелдің жүрегін жаулау үшін жігіттер турнирлерде шайқасты. Таңдаған қыздарының терезесін күзетіп, балкондарына көтерілді. Алайда, бәрі соншалықты керемет бола қойған жоқ. Ол кездерде қыз баласының еркіндігіне айтарлықтай шектеулер қойылды. Сонымен қатар олар белгіленген ережелерді бұзғаны үшін ауыр жазаға тартылды. Ендеше бұрынғы уақытта қыз баласына қолданылған ең ауыр жазалар туралы айтып өтсек.  

1. Басқа дін өкілімен қарым-қатынасқа түскен жағдайда тірідей өртке орады   

XII ғасырда испан королі Альфонс X данышпан «Жеті партия» атты арнайы мінез-құлық кодексін жасады. Оған сәйкес әйелдерге басқа дін өкілдерімен, әсіресе еврейлермен және маврлармен жақын қарым-қатынаста болуға қатаң тыйым салынды. Олар үшін бұл ең ауыр қылмыс болып саналды. Мұндай жағдайда жаза өте қатаң болды. Ережені, бірінші рет бұзған жағдайда қамшымен ұрып, екінші рет бұзған кезде өлім жазасына кесілген. Мұндай қылмысы үшін пәк қыздар мен жесір әйелдер бірінші рет дүние-мүлкінің жартысынан айырылып, екінші рет бірге ұсталған адаммен бірге өртелді. 

Үйленген ханымдар үшін жазаны жұбайы таңдады, өйткені олардың жеке мүлкі болмады. Көп жағдайда тазарту алауы жаза ретінде әрекет етті. 

2. Көршілермен жанжалдасқаны үшін суға тұншықтыру жазасы   

Орта ғасырларда «communis rixatrix» немесе ашуланшақтық деген ұғым болған. Жанжал шығарғыш әйелдер қатаң түрде жазаланды. Жанжал шығарды деп айыпталған әйелді бүкіл қала жұртына көрсетіп, күштеп айдап әкетіп, кейін арнайы ұят орындығына отырғызып, байлап тастаған. Байғұс әйел орындығымен бірге жергілікті су қоймаларының біріне түсірілген. Осындай жазадан кейін әйелдердің көпшілігі қайтыс болған.    

3. Сатқындық жасағаны үшін мұрнын кесіп тастаған 

Бұрындары жұбайын алдағаны үшін әртүрлі жазалар қолданылған. Тіпті олардың арнайы тізімі жасалған. Неке адалдығын бұзғаны үшін оларды дарға асуға, суға батырып өлтіруге немесе әйел ақсүйектер болса, монастырға жіберуге болады. Бірақ Сицилияның әйелдері бұл жағынан бақытты болмады. Өйткені Федериго II тұсында опасыздық үшін мұрындары кесілген әйелдер саны көп болды. Бірақ еркектер зина жасағаны үшін мүлдем жазаланбаған. Сонымен қатар, ол замандарда зинақорлық жасады деп айыпталған әйелдер өлім жазасына кесілмеген жағдайда, оның дүние-мүлкі мен бала-шағасын тартып алды.  

4. Әйелдердің жұмысын істемегені үшін түрмеге қамау   

Күйеуі әйелдің үй міндеттерін сапалы орындауын бақылап отырды. Кейде оған мемлекет те арнайы көмектесті. XVIII ғасырда Барселонада әйелдерге ақиқат жолды үйрететін арнайы түзету үйі болды. Бұл үйге жезөкшелер, ұрлықшы, жаман әйелдер кірді. Мысалы, мерекеде ішімдік ішіп, өзін жөнсіз қылығымен әшкерелеген әйелді отбасы осындай әйелдер түрмесіне жіберді. Түзеу үйінде әйелдер таңнан кешке дейін жылқыдай жер жыртып, ораза тұтып, тынымсыз құлшылық жасап, кез келген тәртіпті бұзған жағдайда физикалық жазалаумен қорқытатын. Елестетіп көріңізші - сіз еден мен ыдыс жуған жоқсыз, ал жұмыстан көңіл-күйі нашар оралған күйеуіңіз сізді бірден түрмеге жібереді. 

5. Жұбайының сақалын қорлағаны үшін арқадан таяқпен ұрған

Ортағасырлық Уэльсте күйеуінің сақалын сыйламаған және мүлкіне ұқыпсыз қараған әйелді таяқпен ұрып соғуға заңмен рұқсат етті. Сонымен қатар, әйелді басынан емес тек арқасынан ұруға рұқсат етілді. Ал таяқтың өлшемі күйеуінің қолының ұзындығынан және қалыңдығы бойынша ортаңғы саусақтың өлшемінен аспауы керек.    

6. Некесіз жүктілік үшін жындыханаға жіберген   

Тұрмысқа шықпаған қыздың жүкті болып қалуы отбасына басылған қаар таңба болып саналады. ХХ ғасырда Ұлыбританияда некесіз бала көтерген қыздарды арнайы перзентханаларға жіберіп, күні бойы еден сүрткізіп, тонналап кір жуғызған. Олар көп уақытын құлшылықпен өткізді. Бала туылғаннан кейін бірден мұндай ханымдар психиатриялық ауруханаға жіберіліп, олар асоциалды деп саналды. Ал жаңа туылған нәресте асырап алуға берілді.   

7. Ерлердің жұмысын істегені үшін жазаланды

Әйелдерде феминизмнің бастаулары да бұрыннан бар. Көбінесе ханымдар ер адамдар сияқты қызмет атқарып, жүк тиеуші немесе сарбаз болуға ұмтылды. Ол кезде әйелдер жұмыс істемейтіндіктен, еркек позициясына кіру үшін олар киініп, жынысын мұқият жасырған. Еер олардың құпиясы ашылып қалса, қатаң жазаға тартылмаған. Жеңіл айыппұл салып, киім ауыстыруды талап еткен.