Bugin

Жұмыс уақыты 13:00-ге дейін: Миф әлде шындық?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Неміс стартапері кеңсесінде бес сағаттық жұмыс күнін енгізді. Оның қызметкерлері сағат 13:00-ден кейін жұмыстан босатылды. «Жұмыс уақыт пен орын емес. Бұл әрекет», – дейді Лассе Райнганс.

Ауыр жұмыс күнінен кейін үйге тезірек жетіп, жай жатып демалуды қалайсыз ба? Бұл – тек сізге емес, жалпы жер бетіндегі барлық адамға таныс сезім. Ал Rheingans Digital Enabler қызметкерлері енді бос уақыттың жетіспеушілігінен зардап шекпейді.

Оқиға неден басталды?

2017 жылы Лассе шағын консалтингтік фирманы сатып алады. Эксперимент ретінде бес сағаттық жұмыс күнін енгізу туралы шешім қабылдайды. Еңбек демалысы, жалақы және жұмыс тиімділігінде ешқандай өзгеріс жоқ. Алайда қызметкерлерге жұмыс уақытында смартфон мен әлеуметтік желілерді қолдануға, әңгімелесуге тыйым салынды.

Эксперимент нәтижесінде 2018 жылдан бастап компанияның тиімділігі арта бастайды. Өйткені қызметкерлер отбасына және хоббиіне көбірек уақыт бөле алғандықтан, бақытты еді. Лассенің айтуынша, бастапқы уақытта жұмысшылар оның сөзіне сенбеген, қалжыңдасып жатыр деп ойлаған. Бірақ содан кейін олар басшыларының шынайы екенін түсінеді.

Лассенің практикасы

Бұған дейін істеген жұмысында Лассе басшылыққа жалақысын қысқартуды, бірақ балаларымен көбірек уақыт өткізу үшін екі демалыс күнін қосып беруді ұсынады. Содан кейін ол екі кезеңде де бірдей жұмыс істеп жатқанын түсініп, бұрынғы жалақысын қайтаруды сұрайды. Басшылық келісім береді.

«Бәрі біз ойлағандай емес»

Тапсырманы орындауға берілген уақыт қызметкерлерді тығырыққа тірейтін болды. Кейбір қызметкерлерге әлі де жұмыста кідіруге тура келеді. Өйткені клиенттердің көбі сегіз сағат жұмыс істейді емес пе?! Сонымен қатар консалтингтік компанияның жұмыс күні 13:00-ге дейін екенін білгеннен кейін бос жұмыс орындары туралы сұрап, қызығушылық танытатындар көбейеді.

Жұмыс күні туралы айтатын болсақ, сағат 7:55-те барлық қызметкерлер кеңседегі ас бөлмесінде жиналып, кофе ішіп, әңгімелеседі. Ал сағат 8:00-де жұмыс басталады.

Бұл бес сағаттық жұмыс күнін енгізудің алғашқы тәжірибесі емес. Лассе бұл жолда Tower Paddle Boards компаниясының басшысы Стефан Аарстолдың тәжірибесіне жүгінеді. Стефан жұмыстан ерте кететіні үшін қызметкерлердің алдында өзін кінәлі сезінгені туралы айтты. Осыдан кейін ол бес сағаттық жұмыс күнін енгізеді. Алайда қызметкерлердің жаңалыққа деген ынтасы жоғалғаннан кейін, бес сағаттық жұмыс күнін тек жаз айларына қалдырады.