Bugin

«10 000 адам өзін өлтірген»: Адамзат тарихындағы ең ірі суицид жасау оқиғалары туралы білесіз бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адамдардың жаппай суицид жасауы – қорқынышты оқиғалар ретінде қабылданады. Өкінішке орай, мұндай оқиғалар адамзат тарихында бірнеше рет болған және әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Жаппай суицидті көбіне бір уақытта бір жерде немесе әлемнің түкпір-түкпірінде бірге өлуді шешкен адамдар тобы жасайды.

Масада бекінісі, Израиль

Б.з. 73 жылы Сикари қоғамының мүшелері жаудың қолына түспеу үшін өлуге бел байлайды. Оларды римдіктер Масада бекінісінде қоршауға алып, қашып кетуге мүмкіндік бермейді. Осылайша ер адамдар әйелдер мен балаларды, содан кейін өздерін өлтіреді. Аман қалғандар бекіністі өртеп, сондағы халықтың күлі көкке ұшты. Ғалымдар бұл оқиғаның тарихта болған-болмағанын әлі күнге дейін нақты білмейді. Алайда бұл – жаппай суицид жасау фактісі ретінде тіркелген оқиға.

Деммин қаласы, Германия

1945 жылы Кеңес әскерінің басып кіруі салдарынан Германияның Деммин қаласында жаппай суицид орын алды. Қала тұрғындары азапталудан, зорланудан және құрбан болып кетуден қорыққаннан осындай қадамға барған. Соның ішінде осы қалаға пана іздеп келген босқындар бүкіл отбасымен өз-өзіне қол жұмсайды. Олар суицидтің бірнеше түрін жасап үлгереді (асылып, тамырларын кесіп, өзенге батып, өзін-өзі өртеп). Осы оқиғаның салдарынан 700, 1000 адам қаза табады. Сонымен қатар осыдан кейін Шығыс Германия коммунистік партиясы суицидке заңды түрде тыйым салады. Өлген адамдардың денелері үлкен бір қабірге жерленді.

«Небесные врата» діни қозғалысы, Калифорния

«Небесные врата» діни қозғалысы — жер планетасы қайта туылуы керек деп ойлайтын америкалық діни қозғалыс. 1997 жылы бір топ адам ғарыштан Жерге инопланетяндар кораблі ұшып келе жатыр деп сенеді және оған жету үшін өлу керек деп ойлайды. Нәтижесінде суицид жасаймыз деген шешімге келеді. 39 адам алдын-ала бір үйді жалға алып, арақ пен фенобарбитал қоспасын ішіп, өз-өзіне қол жұмсайды. Олардың денелеріне қарағанда, барлығының бірдей киінгенін және қалталарынан бірдей ақша табылғанын байқауға болады. Олардың жанынан заттар салынған пакеттер де табылады.

Сайпан аралы, Жапония

1944 жылы маусымда америкалық сарбаздар Сайпан аралын қоршауға алады. Арал тұрғындары тұтқында болудан қорқып, императордың бұйрығымен өлуге шешім қабылдайды, ең бастысы жаудың қолына түспеуі керек. Америкалықтар жапондарды тыныштандырып, оларға тамақ пен аралдан еркін шығуды ұсынады. Бірақ олар қатты қорыққанынан жартастан теңізге секіріп кетеді. Бұл жартас сол кезден бастап «суицид жартасы» деп аталып кетті. Сол кезде нақты қанша адамның қайтыс болғаны белгісіз. Дегенмен шамамен 10 000 адамның көз жұмды деген жорамал бар.

«Халықтар храмы» қозғалысы, Джонстаун

1978 жылдың 18 қарашасы әлем тарихында Гайанадағы Джонстаун деп аталатын шағын елді мекенде болған оқиғаға байланысты «қанды» күн ретінде сақталды. Бұл күні бүкіл аумақ өліктерге көмілді. Орташа есеппен 918 адамның денесі табылған болса, олардың үшеуінің бірі балалар болды. Олардың әрқайсысы удың салдарынан қаза тапқан болатын. Бұл оқиға XX ғасырдың ең ірі суицид фактісі ретінде тарихқа енді. Бұл оқиғаға Джеймс Джонс кінәлі еді. Оқиға былай болады. Колония тұрғындары қатарға тұрып, еккіштегі цианидпен лимонад қоспасын ішеді. Ата-аналар алдымен балаларға беруі, содан кейін өздері ішуі керек. Қарсы шыққандарға Джонстың күзетшілері көмектеседі. Нәтижесінде елді мекеннен 918 мәйіт табылады, оның 276-сы балалардыкі.