Bugin

Басқа елдерде шенеуніктер сыбайлас жемқорлық үшін қалай жазаланады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай өлім жазасына кесілгендер саны бойынша әлемде бірінші орында тұр. Қытайда сыбайлас жемқорлық үшін қандай жаза қолданылады? Bugin.kz порталы Қытай, Ирак және Тайландта сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін қандай жаза қолданылатынын зерттеп көрді. 

Си Цзиньпиннің басшылығымен Қытай репрессия мен цензураны күшейтті. Кейбір Батыс елдері адам құқықтары жөнінде айту үшін Қытаймен сауда жасауға және инвестиция тартуға мүдделі. Бірақ басқалары Қытайдың репрессиялық ішкі және сыртқы саясатын елемеу мүмкін емес деп санайды. Өйткені бұл ішінара шетелдік бизнес қауымдастығын алаңдатып, шетелдік азаматтарға әсер етуде.  

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде Америка Құрама Штаттарына Австралия, Ұлыбритания, Дания, Финляндия, Германия, Исландия, Ирландия, Жапония, Нидерланды, Норвегия және Швеция қосылды. Олар Қытайдағы адам құқықтарының «проблемалық» және «нашар» жағдайын ашық айыптайды. 

Сондай-ақ, Батыс елдері көтерген тағы бір маңызды мәселе – жемқорлық үшін өлім жазасына кесу. Amnesty International құқық қорғау ұйымының мәліметінше, Қытайда өлім жазасына кесілгендердің саны туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады. Бірақ адам құқықтары жөніндегі баяндамада Қытайда басқа елдерді қосқандағыдан да көп өлім жазасы орындалып жатқаны айтылады. 

Шетелдік құқық қорғаушыларға қарағанда, қытайлықтардың өздері жазаның ең жоғары дәрежесінен еш жамандық көрмейді.  

– «Біз үшін өлім жазасы қалыпты. Оны сіз ойлағандай қорқынышты деп есептейміз», – дейді Бейжің тұрғыны.  

Бейжіңнің тағы бір тұрғыны, заңгер Лео Чжаоцин де өлім жазасынан толық бас тартқысы келмейді, бірақ ол үкіметтің өлім жазасын азайту жөніндегі қадамдарын қызу қолдайды.

– «Қытайда өлім жазасына кесілгендердің саны азайып келеді, бұл жақсы нәрсе. Бұл әсіресе экономикалық қылмыстарға қатысты. Менің ойымша, қытайлықтардың көпшілігі өлім жазасын қолдайтын сияқты», – дейді ол.  

300 мың шенеунік жазаланған 

Жыл сайын Қытай Коммунистік партиясының қаншама шенеуніктері сыбайлас жемқорлық әрекетіне барғаны үшін жауапқа тартылады. Құрғақ сандар, бірақ шараның ауқымы таң қалдырады, өйткені тек 2015 жылдың өзінде Қытайда 300 мыңға жуық шенеунік жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.   

Парақорлыққа қарсы науқан енді ғана басталған 2000 жылдан 2010 жылға дейін Қытай соттары 10 000 шенеунікті өлім жазасына кескен. Тағы 120 000 адам он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылған. Мүлкі тәркіленіп, жемқор шенеуніктердің отбасыларына 8 юаньға (36 рубль) шот-фактура жіберілеген: екі оқ үшін. Тіпті Пекиннің вице-мэрі Лю Чжихуа да 2 миллион доллар пара алғаны үшін өлім жазасына кесілген. 

Заң ғылымдарының докторы Фэн Бао:

– «Аспан империясындағы парақорлық ХХ ғасырдың ортасына дейін заңдастырылды», – деп түсіндіреді.

– «Мысалы, Цин әулеті кезіндегі үкімет қызметкері қонаққа сыйлықсыз келсе, оны қабылдамауға құқылы болды», – деді Бао.  

Жалқаулық үшін жаза 

Сондай-ақ 2015 жылдың қыркүйегінде Қытай шенеуніктері жалқаулық үшін жазалана бастады. Шенеуніктерді жазалауға даму жобаларын мақұлдаудың және ақша бөлудің кешігуі себеп болды. Төраға Си Цзиньпиннің парақорлыққа қарсы науқанынан шошынған провинцияның көптеген шенеуніктері сыбайлас жемқорлық күдігіне ілініп қалмау үшін бір жарым жыл бойы ірі жобаларды мақұлдаудан тартынды.  

Тергеу нәтижесі бойынша 24 провинция мен қалада 249 мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылып, лауазымы төмендетілді немесе ескерту жасалды. Есептерде жиналған 296 миллиард юань (46,5 миллиард доллар) даму жобалары мен әлеуметтік бағдарламаларға салынды. 

Қытайда шетелдіктер қалай жазаланады?

Қытай заңдары ел тұрғындарына ғана емес, шетелдіктерге де қатысты. Осылайша, Қытайда бір рет филиппиндік үш есірткі курьері өлім жазасына кесілді. Ал 2009 жылы қытайлар жарты ғасырда алғаш рет есірткі контрабандасымен айналысқан еуропалық – британдық азамат Акмал Шейхке өлім жазасын қолданды. Тіпті Ұлыбритания үкіметінің петициясы үкімді орындауға кедергі келтіре алмады. Бұл сол кезде Ұлыбританияның премьер-министрі қызметін атқарған Гордон Браунды таң қалдырды.  

Туристті бірнеше айға кепілмен ұстау немесе қылмыс жасады деп күдіктенсе, тіпті дауға қатысқаны үшін қамауға алу полицияның құзырында. Қытай шетелдіктер үшін ашық мемлекет, бірақ Қытай азаматтарымен сөйлескенде, әсіресе саяси тақырыптарда сөйлескенде әдепті болу керек. Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі әртүрлі жиындар мен демонстрациялардан аулақ болуды қатаң түрде ұсынады, өйткені Қытай билігі қоғамдық тәртіпті қатаң қадағалайды, сондықтан сіз тұтқындалып, жер аударылып немесе қамауға алынуыңыз мүмкін. Қытайдағы демалыс кезінде достарыңыздың қозғалысын қадағалау өте қиын, ол жерде Facebook, YouTube және Twitter сияқты сайттар бұғатталған. Қытайда құмар ойындарға, сондай-ақ дінді уағыздауға және таратуға тыйым салынған. 

Сыбайлас жемқорлық үшін өлім жазасы тағы қандай елдерде қолданылады? 

Жалпы бүгінде экономикалық қылмыстар (сыбайлас жемқорлық, мемлекет қаржысын жымқыру, кеденшілерге шабуыл, қарулы тонау) үшін өлім жазасы қарастырылған 13 мемлекет бар. Олар:  

Ирак 

Ирактағы өлім жазасына қатысты жағдайдың Ирандағыдан көп айырмашылығы жоқ. Олар да өз заңдары мен әдет-ғұрыптары бар ислам мемлекеті. Өлім жазасы ату немесе асу арқылы жүзеге асырылады. Иракта сыбайлас жемқорлықты қоса алғанда, өлім жазасына кесілетін 48 қылмыстық және діни құқық бұзушылықтар бар. 

Осы уақытқа дейін Ирак жан басына шаққандағы өлім жазасы бойынша екінші орында тұр. Ирактағы 36 миллион адамның 97 пайызы мұсылмандар. Халықтың басым көпшілігі өлім жазасын қолдайды. 

2003 жылы АҚШ Иракқа басып кіргеннен кейін өлім жазасы тоқтатылды. Бірақ Ирак Иран және Сауд Арабиясымен бірге өлім жазаларының 80%-дан астамын орындайды.  

Солтүстік Корея 

Солтүстік Кореядағы сот ісін жүргізуге келетін болсақ, іс жүзінде екі сала бар - қылмыстық және саяси іс жүргізу. Олар бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Қылмыстық іс жүргізу жалпы қабылданған үлгі бойынша жүреді: айыпталушы сотқа жеткізіледі, ал сот КХДР Қылмыстық кодексін басшылыққа ала отырып, үкім шығарады. Айыптау терроризм (61-бап), мемлекетке опасыздық (63-бап), диверсия және саботаж (65-бап), ұлтқа опасыздық (68-бап), контрабанда және есірткі саудасы (б. 208) немесе қасақана кісі өлтіру (266-бап) бойынша жүргізіледі.  

2016 жылдың 10 ақпанында Солтүстік Корея Республикасы Халық армиясы Бас штабының басшысы Ри Йон Гилдің сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен өлім жазасына кесілгені белгілі болды. Бұл туралы Солтүстік Кореядағы дереккөзге сілтеме жасап Yonhap агенттігі хабарлады. Армия генералы Ри Йон Гилге жеке мүдделерін көздеді деген айып тағылғаны атап өтілді.  

Солтүстік Кореяда өлім жазасының стандартты әдісі - ату. Сотталған адамды бағанаға немесе ағашқа байлайды, ал атушы бірнеше рет оқ жаудырады. Жазалаушының жұмысы көңілге қонымды кәсіп емес, іс өлім жазасына кесумен бітпейді – енді ғана өлтірген адамның мәйітін шешіп, сөмкеге салып, жүк көлігіне салу керек. Мемлекеттік күзет органдарындағылар арасында бұл жұмысты көтере алмағай тастап кеткендер де болған екен. Ең сорақысы, Солтүстік Кореяның Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет еткендердің айтуынша, оқ атылғанға дейін бірнеше секунд ішінде сотталғандардың көзқарасына төтеп беру (көбінесе КХДР-да сотталғандардың көздері байланбайды).  

Тайланд 

2015 жылғы 13 шілдеде қабылданған сыбайлас жемқорлық туралы заңға енгізілген жаңа түзетуге сәйкес, Тайланд ел азаматтары үшін де, шет елдердің азаматтары үшін де аса ауқымды сыбайлас жемқорлық үшін өлім жазасын қарастырады. Сыбайлас жемқорлық әрекетін жасағандар бес жылдан жиырма жылға дейін бас бостандығынан айыру және 100 000-нан 400 000 тай батына дейін (шамамен 13 000 доллар) айыппұл салуға, ал егер дәл осындай қылмыстар аса ірі көлемде жасалса, өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасына кесіледі.