Спорт

Елена Рыбакина Үлкен шлем турнирінде қанша табыс тапты?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдондағы жеңісі үшін $2 млн табыс тапты, деп жазады Bugin.kz порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Төменде спортшының Үлкен шлем турнирлерінде өнер көрсеткені үшін алған барлық гонорары көрсетілген. Ол барлығы 3 745 108 доллар табыс тапқан.

«Ролан Гаррос»-2019: бірінші айналым, $ 40 000;

US Open-2019: бірінші айналым, $ 58 000;

Australian Open-2020: үшінші айналым, $ 124 138;

US Open-2020: екінші айналым, $ 100 000;

«Ролан Гаррос»-2020: екінші айналым, $ 84 000;

Australian Open-2021: екінші айналым, $ 115 500;

«Ролан Гаррос»-2021: ширек финал, $ 283 500;

Уимблдон-2021: 1/8 финал, $ 211 770;

US Open-2021: үшінші айналым, $ 180 000;

Australian Open-2022: екінші айналым, $ 102 200;

«Ролан Гаррос»-2022: үшінші айналым, $ 126 000;

Уимблдон-2022: титул, $ 2 320 000.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA әлемдік рейтингінде 23-ші орын) Ұлыбританияның ашық чемпионатының финалында Тунис өкілі және WTA рейтингінде әлемнің екінші ракеткасы Онс Жабермен кездесуде үш сетте жалпы есеппен 3:6, 6:2, 6:2 жеңіске жетті.