Weekend
Түркі одағын құруға не кедергі?
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comӘлемде түрлі одақтас елдердің қауымдастығы, бірлестігі, одағы бар. Атап айтқан кезде, кәрі құрлықта орналасқан елдердің Еуро Одағы бар. Еуразияда тыныстап жатқан елдердің Еуразия экономикалық одағы бар. Сол секілді түрлі ұйымдар да жетіп артылады. Осылардың ішінде ойып тұрып орын алуға болатын, тарих сахнасында кез келген елдің мұрағатында аты аталатын Түркі жұрты бар. Тілдері ортақ, түркітектес елдердің басы бірігіп, неге біртұтас үлкен одақ құрмасқа?!
«Түркі одағы» немесе «Түркі әлемі» деп аталатын одаққа 40-қа жуық ұлт кірер еді. Тарих таңбасын басқан Түркі әлеміне ешкімнің ауызы батып, азу тісін көрсете алған жоқ. Түркітектес елдердің негізгі бөлігі КСРО-ның құрсауында болды. Тәуелсіздік алғандары әлі автономиялы республика ретінде тіркелгендері де бар.
Есепке бәрін алмаған күннің өзінде азуы алты қарыс 6 мемлекеттің де шамасы біразға жетер еді: Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркіменстан.
Жер көлемі:
Қазақстан – 2 724 902 км кв.
Түркия – 783 562 км.кв.
Түркіменстан – 491 200 км.кв.
Өзбекстан – 447 400 км.кв.
Қырғызстан – 198 500 км.кв.
Әзірбайжан – 86 600 км кв.
Жалпы көлемі: 4 732 164 км.кв
Халық саны:
Қазақстан – 18 157 078
Түркия – 80 810 525
Түркіменстан – 5 176 502
Өзбекстан – 31 025 500
Қырғызстан – 6 256 700
Әзірбайжан – 9 574 000
Жалпы халық саны: 142 383 705
Әскери күші (қосалқы бөлікті қосқан кезде):
Қазақстан – 276 500
Түркия – 850 000 (НАТО-ға мүше)
Түркіменстан – 36 500
Өзбекстан – 48 000
Қырғызстан – 67 900
Әзірбайжан – 366 950
Жалпы саны: 1 645 850
Жалпы түркі әлемін есепке алар болсақ, онда жер көлемі 11 млн.кв аумақты алып жатқан, 200 миллионға жуық халқы бар үлкен әрі алып держава болар еді.
Бүгінгі Түркі әлеміне тіпті одақ немесе бірлестік деп ат қоюдың да қажеті жоқ. Кешегі «Алтын Орда» атауын қайта жаңғыртып, бүгінгі заман талабына сай білімі де, ғылымы да, технологиясы да дамыған алып держава қалыптастыруға, әлемнің озып алдына шығуға мүмкіндігі бар.
Көк бөріні ортақ символ ретінде қарастыратын түркі жұртының қанында жауынгерлік қасиет те, білімге деген ұмтылыс, ғылымға деген ашық көзқарасы болған. Оған тарих сахнасында осы алып жатқан жерлерде дүниеге келген ғұлама ғалымдар куә бола алады. Әдебиеті де, мәдениеті де бай алып державаның тарыдай шашырап жатқан басын қосып, болашақтың есігін неге бірге ашпасқа?!