Bugin

Тоқаев Қырғызстан және Өзбекстан президенттерімен кездесті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстанда ресми іс-сапармен жүрген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан және Қырғызстан басшыларымен бейресми кездесті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен бесресми кездесіп, Ыстықкөлде серуендеді. Олар үш ел арасындағы өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар мәселе жөнінде пікір алмасты. Кездесуден соң «Дордой Номад» мәдени орталығына барып, арнайы ұйымдастырылған көшпенділер ойынын тамашалаған.

– «Шабандоздар ат үстінде өнер көрсетіп, басқа да көріністер қойды. Президенттер «Қолөнершілер аллеясының» жұмысымен танысты. Онда жергілікті шеберлердің жасаған бұйымдары көрсетілген», – деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Саммит қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қойылады деп жоспарланған.