Bugin
Шымкенттегі физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Ғалымжан Құлажанов Ұлыбританиядағы Bottisham Village College (BVC) мектебінде тәжірибе алмасты.
Кембридж қаласындағы (Ұлыбритания) оқу сапарына арналған жолдаманы NIS дамыту қоры өткен жылдың қазан айында Зияткерлік мектеп ұстаздары туралы жазылған ең үздік оқиға сайысының жеңімпазына табыстаған еді. Шымкенттегі Зияткерлік мектептің түлегі Айжан Сағудың ұстазы Ғалымжан Сәдібекұлы туралы оқиғасы оқырманның көңілінен шығып, жеңіске ие болды.
2021 жылдың маусым айында Ұлыбританияда өткен Share жобасына Ғалымжан Құлажанов Нұр-Сұлтан қаласының ұстаздарымен бірге барып қайтты.
Мұғалімдердің кәсіби зерттеу дағдыларын дамыту тақырыбында өткен тәжірибе алмасу сапары математика пәнінің мұғалімі үшін оқушылармен терең байланысудың құпиясын ашты:
– «BVC көрген және естіген дүниелер мектептің философиясын түсінуге көмектеседі. Мектеп ережелері қатарында қатаң жаза болғанына қарамастан оқушылар мен мұғалімдер еркін және ашық. Қарым -қатынастар өзара құрмет пен сенімге құрылған, коммуникацияның негізгі нысаны - диалог. Соңғы күні біз бір апта ішінде алған білімімізді қорытындылай келе, мектеп пен оқу процесін дамытудың нақты жоспарын жүзеге асыруға тырыстық», – дейді Ғалымжан Құлажанов.