Әлем

Қытай Тайваньға санкция салды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ Конгресінің спикері Нэнси Пелосидің сапарынан кейін Қытай Тайваньға қарсы сауда санкцияларын кеңейте бастады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тайвандағы Economic Daily News газетінің хабарлауынша, Қытайдың бас кеден басқармасы 3 тамызда мәлімдеме жасап, бұдан былай Тайваньдан цитрус жемістері, салқындатылған қылыш балық, мұздатылған скумбрия және басқа да өнімдердің импорты тоқтатылатынын хабарлаған.

Қытайдың ресми мәлімдемесінде импорттың тоқтатылуының негізгі себебі – осы өнімдерден зиянды заттардың табылуына байланысты деп түсіндірілді.

Қытайдың Сауда министрлігі де 3-і күні таңертең Тайваньға табиғи құмды экспорттауды тоқтататынын жариялады.

Қытай үкіметінің «Тайвань істері жөніндегі кеңсесі» де сол күні Тайваньның «Тайвань демократиясы қоры», «Халықаралық ынтымақтастық және даму қоры» және басқа да ұйымдарға санкция салып, бұл ұйымдардың қытайлық кәсіпорындармен, заңды тұлғалар немесе басқа кез келген нысанда ынтымақтастық жасауына тыйым салатынын хабарлады.