Bugin

Қазақстан әйелдер құрамасы шахматтан бірінші рет жеңіліс тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістанда өтіп жатқан Шахмат олимпиадасында Әзербайжанға есе жіберді. Бұл - қазақстандық шахматшылардың аталған сайыстағы алғашқы жеңілісі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

«Спорт Шредингера» тelegram-каналының хабарлауынша, әйелдер құрамасы Әзербайжан командасынан 1:3 есебімен ұтылған. Ал, Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева қарсыластарымен тең түссе, Ксения Балабаева мен Гүлісхан Нахбаева жеңіліс тапты. 

Осылайша әйелдер құрамасының еншісінде 4 жеңіс, 1 тең ойын және 1 жеңіліс бар. Бұл көрсеткішпен қазақстандық команда Үндістандағы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының турнир кестесінде 6-орыннан 14-орынға сырғыды. Ертең - спротшылар үшін демалыс күні. Кейін 5 тамызда Қазақстан әйелдер құрамасы Вьетнаммен ойнайды.