Bugin

Атыраудағы жаңа саябаққа Елбасының аты беріле ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырауда салынатын жаңа саябақтың құрылысы биыл күзде басталады. Жобаның жалпы құны – 6 млрд 314 млн 754 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Облыстық Құрылыс басқармасының мәліметінше, саябақ алғашында Тұңғыш Президент саябағы болады деп жобаланып, ішіне көптеген ерекше дүниелер енгізу жоспарланыпты. Алайда кейін шығынды азайту мақсатында жобаға қайтадан түзетулер енгізілген. Атап айтқанда, амфитеатр және басқа да бастапқыда жоспарланған ерекше дүниелер болмауы мүмкін.

Саябақ жобасы биыл 25 шілдеде сараптамадан өтіп, оң қорытындысы алынды. Ал демеуші «NCOC NV» компаниясы мердігер мекемені конкурс арқылы өздері анықтайды. Құрылысты бастау 2022 жылдың қазан-қараша айына жоспарланған. Ұзақтығы – 9 ай.