Bugin

Қазақстанның қай өңірлерінде азық-түлік қымбаттады? - Министрлік жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сауда және интеграция министрлігі соңғы аптада 40,3 мың сауда дүкеніне рейд жүргізіліп, онда 734 сауда үстемесін бұзу фактісі анықталғанын жария етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ең көп заңбұзушылық Нұр-Султан қаласында (278) және ШҚО-да (80) анықталған. Одан әрі Түркістан облысында (38), БҚО-да (33), Қостанай облысында және Маңғыстау облысында (32-ден), Жетісу облысында (30) тіркелген. Одан кейін Алматы облысы (28), Атырау облысы (27), Алматы қаласы және Жамбыл облысы (23-тен), Ақмола облысы (21) тұр.

Павлодар облысында - 17, Ақтөбе облысында-13, СҚО-12, Қарағанды облысында және Қызылорда облысында (11-ден), Абай облысында және Шымкент қаласында (10-нан) да фактілер тіркелді. Ең аз бұзушылықтар Ұлытау облысында анықталды (6).

«Жүргізілетін жұмыс бизнес субъектілерінің сауда үстеме бағасының өз еркімен төмендеуінен көрінеді. Түсіндірулер нәтижесінде сауда объектілері ӘМАТ-қа өздерінің сауда үстемелерін 5-15% - ға дейін өз еркімен төмендетті. Бұл ретте, сауда үстемесін асыра пайдаланғаны үшін әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылды, ішкі сауда субъектілеріне қатысты ескерту түрінде 126 әкімшілік хаттама толтырылды, 1 айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

Сауда комитетінде атап өткендей, тексерістермен ірі қалалар мен облыс орталықтары, сондай-ақ аудан орталықтары қамтылады. Мониторингтік топтардың құрамына жұртшылық пен партиялардың өкілдері де кіреді.