Әлем

Осы уақытқа дейін Зеленскийге неше рет қастандық жасалғаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Владимир Зеленскийге 10 шақты рет қастандық жасалды. Бұл туралы Украина делегациясының мүшесі Михаил Подоляк хабарлады, деп жазады Bugin.kz порталы.

«Шетелдік серіктестеріміз үш әрекет туралы ғана айтып отыр. Менің ойымша, мұндай әрекеттердің оннан астамы болды», - деді Подоляк.

Ол бұл нәрсені үнемі байқайтындығы туралы айтып өтті.

«Бізде барлаудың және қарсы барлаудың өте қуатты желісі бар. Олар мұның бәрін қадағалап отырады. Яғни біз барлық жоспарларды түсінеміз және біздің қарсы жауабымыз пысықталады», - деп атап өтті ол.