Қоғам

Қызылордада халықаралық іздеуде жүрген ер адам мас күйінде ұсталды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қызылордада патрульдік полиция қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген ер адамды мас күйінде ұстады. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.  

Профилактикалық іс-шаралар барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері планшеттің көмегімен оның халықаралық іздеуде екенін анықтаған. 32 жастағы күдікті өзінің іздеуде жүргенін біле тұра, қызметкерлерге жалған ақпарат берген.

Медициналық тексеруден өту үшін күдікті бірден наркологиялық диспансерге жеткізілді. Деректерді анықтау кезінде құқық бұзушы осы жылдың мамыр айында ұрлық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланғаны және төрт ай бойы полициядан қашып жүргені белгілі болды.

Қазір ұсталған күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, басқа да осы тектес қылмысқа бар-жоғы тексерілуде.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.