Әлем
Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен келіссөз жүргізуге мүмкіндік беретін шартты атады. Бұл туралы ол Львовта Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоғанмен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен өткен үшжақты кездесуден кейін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Anadolu басылымына сілтеме жасап.
"Ресей басып алған жерлерден кетекенде ғана бейбіт келіссөздер басталады", - деді ол.
Сонымен қатар ол Украинаның бұл мәселедегі ұстанымы өзгермейтінін айтып өтті.