Bugin

Қазақстанда балабақшалар қалай қаржыланады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов балабақшаларды ваучер қаржыландыру туралы ақпартты жоққа шығарды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тамыз конференциясында Аймағамбетов Қазақстанда ваучер қаржыландыру туралы көптеген ақпарат таралып, қайталанып жатқанын атап өтті.

«Онда жаңа оқу жылынан бастап мемлекеттік тапсырыстарды екінші деңгейлі банктер арқылы орналастыратынымыз және бұл ақшаны әрбір ата-ана өз шотына алатыны туралы айтылған. Бізде бірнеше пилоттық жоба болды, ваучер қаржыландыру болады деп шештік. Бірақ бұл әр ата-анаға ақша аудару арқылы жүргізілмейді», - деді министр.