Bugin

Үш елдің елшілік қызметінен босатылған Ыдырысов шын мәнінде кім?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов үш елдің елшілік қызметінен босатылған еді. Bugin.kz порталы Қазақ үні сайтына сілтеме беріп Ерлан Ыдырысов туралы деректермен бөліседі.  

Еске сала кетейік, осыдан 20 жыл бұрын, 2002 жылы сол кездегі Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов «Егер сіздер менің миымды ауыстырмасаңдар, қазақ тілін үйрене алмаймын» деп («Если вы мне не поменяйте мои мозги, мне казахский язык не выучить!») деп парламентте мәлімдеген болатын.

Сол кездегі қалғыған парламент бұл масқараға да оянған жоқ –«Қазақ тіліне миың жетпесе, қалай Қазақ министрі боласың?»- деп айтатын бір депутат табылмады. Өйткені, өздерінің де жартысына жуығы мемлекеттік тілге милары жетпейтіндер еді.

Айтпақшы, мемлекеттік тілге миы жетпейтіндер парламентте де, үкіметте де, президент әкішілігінде де, министрліктер мен әкімдіктерде Тәуелсіздігімізге 30 жылдан асса да, әлі де жеткілікті…

Яғни, мемлекеттік тілге миы жетпейтін министрді, бүгінде елшіні орнынан алу 20 жыл кешігіп шықты. «Ештен кеш жақсы» дейміз бе, әділеттілік орнағаны үшін ҚР Президенті Қ.Тоқаевқа рахмет айтамыз.

Енді ұзағынан сүйіндіріп, мемлекеттік тілді білмейтіндерді мемлекеттік қызметтен босатуды жалғастыру керек! Әділетті Қазақстан үшін!

Сонымен қатар, былтыр қараша айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысып, елшілердің ең алдымен мемлекеттік тілді білуі керектігін айтып, «Қазақстан атынан шет мемлекеттерде қызмет істеп жүрген дипломаттарымыз ең алдымен мемлекеттік тілді білуі керек» – деп, нақты тапсырған еді.