Әлем

Ресей Қытайдан қарыз сұрады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей бюджеттегі саңылауларды жою үшін Қытайдан юань сұрады. Халықаралық резервтерден, негізгі әлемдік валюталардан және жаһандық капитал нарықтарынан айырылған Ресей үкіметі 6 триллион рубль көлеміндегі федералды бюджеттегі үлкен орынды жабу үшін Қытайдан көмек сұрап отыр. Ресей Қаржы министрлігі юаньға ұсынылған мемлекеттік облигацияларды орналастыру әрекеттеріне оралуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Moscowtimes басылымына сілтеме жасап. 

«Әңгіме қытайлық инвесторлардың ақшасын тарту туралы болып отыр. Шығарылым Ресей заңы бойынша және Ресей инфрақұрылымында өтуі керек. Бұл қытайлықтармен келіссөздерді қажет ететін дүние, алайды жақын арада аяқталуы екіталай» - дейді ресейлік шенеуніктер. 

Мемлекеттік юань облигациялары жобасы Ресейде 2014 жылы Батыспен қарым-қатынас күрт шиеленіскеннен бері талқыланып келеді. Шамамен құны 6 миллиард юань (ескі бағам бойынша 1 миллиард долларға дейін) шығарылым бастапқыда 2016 жылға жоспарланған, кейін 2017 жылға ауыстырылды. 2019 жылдың наурыз айында сол кездегі Қаржы министрінің орынбасары болған Сергей Сторчак келіссөздерде ілгерілеу болмағанын мәлімдеді.  

Ресей Федерациясының үкіметі юань облигацияларын Мәскеу биржасында және Ресей заңнамасы бойынша сатуы керек, сонда ғана жиналған ақша ел ішінде қалады. Алайда, бұл шетелдік қарыз алушыларға тек панда облигацияларына рұқсат беретін Пекин саясатына қайшы келеді.  

Олар Қытайдың ішкі нарығында сатылады, ал Қытайдан тыс жерде ақша алу үшін арнайы рұқсат қажет. Оны алуға жасаған сегіз жылдық талпыныстары сәтсіз аяқталды.  

Бірақ шенеуніктердің пайымдауынша: «Бұл жолы бәрі басқаша болады. Тағы 1-2 жыл келіссөздер қажет» - дейді олар. 

Қытай ақшасы барлық негізгі салықтарды жинауда қиындықтарды бастан кешіріп жатқан бюджетке қажет болады және Қаржы министрлігінің мәліметінше, кем дегенде 2025 жылға дейін тапшылықта болады.  

Биылғы жылы мемлекеттік шығыстар кірістерден 1,7 триллион рубльге, 2023 жылы - 1,6 триллионға, 2024 жылы - 1,4 триллионға, 2025 жылы - 1,3 триллионға асады. Қаржы министрлігі бюджеттегі бос орынды тек рубльмен және несиелермен жабуды жоспарлап отыр: келесі жылы 1 триллион рубль, 2024 жылы 1,4 триллион, 2025 жылы 2,4 триллион.  

Соғыс басталғанға дейін барлық федералдық қарыз облигацияларының бестен бір бөлігін және Қаржы министрлігінің валюталық облигацияларының жартысын ұстаған батыс инвесторларының қатысуын есептеуге болмайды: санкциялар Ресей үкіметінің қарызын сатып алуға тыйым салды.  

2023-2025 жылдарға арналған Бюджет айтарлықтай тапшылықты болжайды және Юаньдағы мемлекеттік облигациялардың көмегімен Қаржы министрлігі инвесторлар базасын кеңейтіп, рубльдік қарыз алу көлемін азайтып, олардың құнын төмендетуі мүмкін, дейді PSB бас сарапшысы Дмитрий Монастыршин.