Әлем
Соғыстың немен аяқталғанын білмеген жапон әскері 30 жылын джунглиде өткізген. Ол өмірінің соңына дейін бұл кезеңге өкініп өткен. Оқиға қалай болғанын назарларыңызға ұсынамыз!
Хироо Онода 1922 жылы 19 наурызда Жапонияда дүниеге келген. Мектепті бітірген соң «Тадзима» сауда компаниясына жұмысқа орналасып, Қытайдың Ханькоу қаласына қоныс аударады. Қытай және ағылшын тілін үйренді. Алайда Онода жұмысқа тұрып үлгермейді. Өйткені 1942 жылдың аяғында ол әскерге шақырылады. Әскери қызметін жаяу әскер сапында бастады. 1944 жылы Онода оқуды бітіргеннен кейін аға сержант атағын алып, командалық дайындықтан өтті.
Тағдырды күйреткен бұйрық
Майдандағы жағдайдың күрт нашарлауына байланысты Онода кейінірек 14-ші армия штабының ақпарат бөліміне тағайындалып, Филиппинге жіберілді. Іс жүзінде жас командир ағылшын-американдық әскерлердің тылында жұмыс істейтін диверсиялық бөлімшеге жетекшілік етуі керек еді. Жапон қарулы күштерінің генерал-лейтенанты Сидзуо Йокояма диверсанттарға бірнеше жыл бойы негізгі күштермен байланыссыз әрекет етуге тура келсе де, кез келген жағдайда өз міндеттерін орындауды жалғастыруды бұйырды. Қолбасшылық Онодаға екінші лейтенант шенін берген. Содан кейін ол жапондық әскерилердің рухы тым жоғары емес Филиппиндік Лубанг аралына жіберілді. Барлаушы жаңа кезекшілік бекетінде тәртіпті қалпына келтіруге тырысқан, бірақ үлгермеді… 1945 жылы 28 ақпанда американдық әскерилер аралға қонды. Жапон гарнизонының көп бөлігі жойылды немесе тапсырылды. Ал Онода үш сарбазымен джунглиге кіріп, партизандық соғысқа көшкен.
Онода Филиппинге кетер алдында генералынан қоштасу бұйрығын алған екен. Басшылық оған жапон армиясының айтарлықтай қиын жағдайына қарамастан, Онода бөлімшесі рух пен жеңіске деген сенімін жоғалтпауы керек екенін хабарлайды. Негізгі пәрмен келесідей болды:
«Сізге өз-өзіңізге қол жұмсауға қатаң тыйым салынады(жапондық самурайлар дәстүріне сай, жеңіліс тапқанда самурай суицид жасайды). Мүмкін үш жыл, мүмкін бес жыл өтер, бірақ не болса да,біз сізбен жолығамыз. Сізде бір сарбаз қалса да, сіз командирсіз. Сізде азық болмай, кокос жаңғағын жеу қажет болуы мүмкін. Оны жеп болсын, тірі қалыңыз. Бірақ суицидті ұмытыңыз! Қандай жағдай болса да, біз сізбен жолығамыз».
Бұл тапсырма1944 жылдың соңында берілген еді. Жапонияның берілуіне 10 айдан аз уақыт қалады. Әйтсе де, ұлы Жапония соғыста жеңіледі деген ой да Оноданың басына ене алмады. Лубангта Онода американдық армияның атқылауынан аман қалды және тұтқынға түсе жаздайды. Аман қалса да, өзін не күтіп тұрғанын білмейтін еді.
Соғыстан кейінгі сергелдең
Жапония 09.02.1945 жылы келісімге келу актісіне қол қойды. Осы уақытқа дейін аралдағы американдық шайқас іс жүзінде тоқтатылады. Бірақ Хиру жаудың Лубангада бақылауында екеніне сенімді болды. Оноданың қол астында үш сарбаз қалды - Акацу, Козука және Шимадо. Жыл соңында олар тығылған таудан «Боинг» ұшты. Ол Жапонияның берілгені жариялаған парақшаларды жерге тастап ұшты.
Парақшаның мәтіні біртүрлі болды. Онда көптеген грамматикалық қателер және бұрын қолданылмаған императордың тікелей бұйрығына сілтеме жасалған. Жалпы, Хироо мен оның жолдастары жапондық сарбаздарға жалған ақпарат беру үшін жасалған «тұзаққа» тап болғанын сезінді. Олар 1946 жылдың 1 қаңтарында күнге тағзым етіп, жеңіс үшін күресуге ант берді.
1946 жылдың көктемінде арал соғысты тоқтату үшін тағы да үнпарақтармен «бомбаланды». Сол кезде жапон тілінде дауыстар естілді. Талып жеткен үннен олардың не деп айқайлап жатқанын анықтау мүмкін болмады. Көп ұзамай Онода берілген жапондықтардың атынан орманды тастап кетуге шақырған жазбаларды таба бастады. Басқа ешкім сарбаздарды іздемейді...
«Соғыстың біткеніне сене алмадық.Тұтқындарды мұндай қулыққа баруға мәжбүрлеген жау ғана деп ойладық. Бізді іздегендердің дауысын естіген сайын жаңа жерге көштік», - деп есіне алды Хиру кейінірек.
Осыған ұқсас жаңалықтар бұрын жапон әскерлері басып алған басқа елдерден де келді.
1950 жылы өз тобындағы жауынгерлердің бірі Юити Акацу Филиппиннің құқық қорғау органдарына бағынып, көп ұзамай Жапонияға оралды.
Алты ай қаңғып жүргеннен кейін Акацу филиппиндіктерге барып, соғыстың шынымен аяқталғанына көз жеткізді. Ол соғыс нәтижесін хат қып жазып, оның көшірмелері қайтадан ұшақтан түсірілді. Жапон үкіметі Оноданың баяғыда қайтыс болғанына сенді. Аралдың үстінде ұшақ ұшып таза жапон тілінде, қатты дауыста соғыс нәтижесі баяндалады. Осылайша Токио өздері жоқ деп есептелген отрядтың әлі де бар екенін білді.
Бірақ Хиру бұл есептердің растығына әлі де сенбеді. Керісінше, ол тек сақтанып, командасына қарсы газ қолданыла ма деп алаңдады. Келесі бірнеше жыл ішінде олар үнемі су құйылған колбаға байланған сүлгілерді алып жүрді. 1954 жылы Онода отряды Филиппин полициясымен шайқасқа шықты. Топтың шығарылуын хабарлаған ефрейтор Шоичи Шимада қайтыс болды. Жапон комиссиясы қалған барлау қызметкерлерімен байланыс орнатуға тырысты. Бірақ оларды таба алмады. Нәтижесінде 1969 жылы олар қайтыс болды деп жарияланып, қайтыс болғаннан кейін «Күншығыс» орденімен марапатталды.
Алайда, үш жылдан кейін Онода «тірілді». 1972 жылы диверсанттар Филиппин полициясының патрульді шахтада жарып жібермек болып, жарылғыш зат істемей қалған соң, тәртіп сақшыларына оқ жаудырған. Шайқас кезінде Оноданың соңғы бағыныштысы Киншичи Козука қаза тапты. Жапония Филиппинге қайтадан іздеу тобын жіберді, бірақ екінші лейтенант джунглиде жоғалып кеткен сияқты.
Аралдан шығарған шындық
Алайда, 1974 жылдан кейін бәрі аяқталды. Онода жапондық студент Норио Сузукиге тап болды. Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы солдатымен ұзақ сөйлесіп, өзі сенбей жүрген ақпараттың рас-өтірігін біледі. Хироо өзінің тікелей командирінен тиісті бұйрық алған жағдайда ғана берілетінін айтады. Әйтеуір, қолбасшы соғыста аман қалып, бейбіт заманда кітап сатушы болып істегендіктен жолы болды. Оны тауып алып, әскери киім киіп, император атынан бұйрық шығарады. Онода Филиппиннің адамдарының қатысуымен беріледі.
Онода қарамағындағылармен бірге көптеген рейдтер жүргізді, олардың құрбандары филиппиндік және американдық сарбаздар, сондай-ақ жергілікті тұрғындар болды. Ол және оның серіктестері 30-ға жуық адамды өлтіріп, 100-ге жуық адамды жаралады. Филиппин заңдары бойынша офицер өлім жазасына кесілді. Алайда, президент Фердинанд Маркос Жапония Сыртқы істер министрлігімен келіссөздер жүргізгеннен кейін Оноданы жауапкершіліктен босатып, оған жеке қаруын қайтарып берді, тіпті оның әскери борышын өтеуге адалдығын жоғары бағалады.
1974 жылы 12 наурызда барлаушы Жапонияға қайтып оралды. Отанына оралған ол көпшіліктің назарында болды. Офицер императормен жолығудан бас тартып, оның мұндай құрметке лайық емес екенін, өйткені ол ешқандай ерлік жасамағанын айтқан. Өмірінің көп бөлігін джунглиде өткізген Онода қазіргі зәулім ғимараттар мен жүрдек пойыздар еліне ешқашан үйрене алмады. Туған жерінде батыр атағын алғанымен, күрескер Бразилияға қоныс аударып, сол жақта отбасы құрып, мал шаруашылығымен айналысады.
Министрлер кабинеті Онодаға қайтару құрметіне 1 миллион иен (3,4 мың доллар) берген. Көптеген адамдар оған қомақты қаражат та жинап береді. Алайда барлаушы бұл ақшаның барлығын Жапония үшін қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым ететін Ясукуни синтоизм ғибадатханасына аударған.
Он жылдан кейін ол Жапонияға оралып, мектеп оқушылары үшін жазғы лагерьлер ұйымдастырып, оларға аман қалу дағдыларын үйретуге тырысты. 1990 жылдардың ортасында Онода аралға келіп, онда мәңгі қалғысы келді. Жергілікті тұрғындар оны кешірмегендіктен, ол 30 жылын өткізген аралда тұра алмады. Хироның тынымсыз жаны өмірінің соңына дейін Жапония мен Бразилияның арасында өтті. 2014 жылы 91 жасында «соңғы самурай» Токиода қайтыс болды.
«Отыз жыл! Миыма орныққан үгіт-насихаттың кесірінен мен отыз жылымды осылай алып, лақтырып жібердім! Отбасына, оқуға, жұмысқа жұмсауға болатын жылдарды текке өткіздім. Жаңа дүниеде мен үшін орын жоқ.