Bugin
Аргентина вице-президенті Кристина Фернандес де Киршнерге жасалған шабуыл видеоға түсіп қалды. Бұл туралы bugin.kz порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Аргентина вице-президенті қастандықтан аман қалды.
Оқиға 69 жастағы де Киршнер 2007-2015 жылдар аралығында президент болғанына байланысты сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыпталған соттан бір күн өткеннен кейін Буэнос-Айрестегі үйінен жақтастарының тобына шыққан кезде болды. Вице-президент барлық айыптарды жоққа шығарады.
Оған қастандық жасамақ болған 35 жастағы Бразилия азаматы екені анықталды. Кадрларда оның көпшілік арасында тұрып, 32 Берса маркалы тапаншаны көтеріп, Кришнерге бағыттағанын, бірақ оқ атпағанын көруге болады. Ер адамды күзет қызметкерлері ұстап, қамауға алды.
Қастандық әрекеттен кейін Аргентинаның қазіргі президенті Альберто Фернандес 2 қыркүйекті демалыс күні деп жариялады. Оның айтуынша, демалыс күні Аргентина халқы бейбітшілік пен келісімде өмірді, демократияны қорғап, сонымен қатар вице-президентпен ынтымақтастығын білдіруі үшін қажет.
Бұған қоса, президент қастандық әрекетті Аргентинада 1983 жылы демократия қалпына келтірілгеннен бергі ең сорақы оқиға деп атады. Ол Киршнердің «бір керемет себеппен» аман қалғанына таң қалды, өйткені қару оқ атпаған.