Bugin

Робин Шарма: Өмірімді өзгертем десеңіз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Робин Шарма – әлемдегі мыңдаған адамдардың санасы мен дүниетанымын өзгерткен көшбасшылық, мотивация және жеке даму туралы ондаған кітаптардың авторы. Робин Шарманың кітаптарын халықаралық компаниялардың топ-менеджерлер, саяси көшбасшылар, көрнекті спортшылар мен әлемдік деңгейдегі атақты тұлғалар оқиды. Мұның себебі – автор  өз шығармаларында нақты және тиімді кеңестер береді, оны қолдану арқылы оқырман өмірдегі сапалы өзгерістерді бірден байқай алады. Бұл мақалада біз сізге Робин Шарманың негізгі идеяларын жеткізуді мақсат еттік. Робин Шарманың кеңестерінің құндылығы олардың шынайылығында және барлығына қол жетімділігінде және практикалық қолдануында. Біз сізді жазушының өміріңізді жақсы жаққа өзгерте алатын негізгі ойларымен танысуға шақырамыз!

Күніңізді жақсы бастаңыз

Кез келген жемісті күннің негізінде жақсы басталған таң жатыр. Барлық табысты адамдардың ортақ әдеті бар: күнді өте ерте бастайды, оянғаннан кейінгі алғашқы сағатын өзіне ләззат сыйлайтын іс-әрекеттерге арнайды.

Біз ұйқымыздан оянған соң міндетті түрде ғажайып оқиғалар орын алады. Күннің шығуы - қуаныш, дәмді таңғы ас – қуаныш , сергітетін таңғы душ – қуаныш , жақын адамдардан күлкісі – қуаныш.  Қарапайым әрі қайталанатын сәттердің өзінде үлкен бақыт бар.

Әр істен қуаныш пен ләззатты көре біліңіз. Егер кез келген істен мән іздесеңіз, оның соңы – қуаныш пен жағымды эмоция. Таңды алғыс айтып қарсы алыңыз. Таңғы позитив – күні бойы жақсы эмоцияға кепілдік береді. Өмір сүру сапасын арттырады.

Уақытты басқаруды үйреніңіз

Уақыт - адамның ең құнды ресурсы. Оның құндылығы – ешқашан өткен уақыт қайтпайтынында. Сондықтан тайм-менеджмент дағдысы кез келген табысты адамның негізгі жұмсақ дағдыларының бірі болып табылады. Уақытты басқару мүмкіндігінсіз, мақсатқа жету процесі әлдеқайда күрделі болады.

Робин Шарма оқырмандарды тек жұмыс тапсырмаларына ғана емес, өзін-өзі дамытуға және жақын адамдарымен демалуға да дұрыс көңіл бөліп, күнді жоспарлауды ұсынады.

Өмірдің дәмін сезініңіз

Мүмкін, «Феррариді сатқан монах» кітабының негізгі ойы кез келген адамның өміріндегі нағыз трагедия өлім емес, кейбір адамдардың өмір бойына іштей өліп, өмірге деген қызығушылықтарын жоғалтуы идеясы болған шығар.

Автор нағыз рухани «менді» іздеу, материалдық байлықтан бас тарту, айналадағы қоқыстан шынымен маңызды және құнды нәрселердітазарту туралы айтады. Бұл сайып келгенде өмірде алаңсыз қалып пен қалауыңызды табуға бағыттайды.

Назарыңызды маңызды істерге аударыңыз

Қазіргі әлемде Интернет пен коммуникация құралдары тек таптырмас көмекші ғана емес. Сонымен қатар уақытты жейтін, көңіл-күйге әсер ететін және күні бойы өнімділікті төмендететін деструктивті әдеттер қатарында. Кейбір ақпараттар адамның өнімділігін төмендетіп, ұнжырғасын басады.  Сондықтан Робин Шарма ұсақ-түйектерге алаңдамай, басты нәрсеге назар аудару қабілетін жаттықтыруға шақырады. Ұзақ уақыт бойы назарыңызды бір мақсатқа шоғырландыра алсаңыз, сіз қысқа уақытта мақсаттарыңызға жете аласыз.

Басқаларға инвестиция жасаңыз

Өз бизнесін нөлден бастаған барлық танымал кәсіпкерлер ерте ме, кеш пе, өмірде тепе-теңдік маңызды деген қорытындыға келеді. Яғни алыңыз әрі беріңіз.  Адам неғұрлым табысты және бай болса, соғұрлым ол әлемге көбірек күш, уақыт, энергия беруі керек.

Бұл басқа ұмтылған кәсіпкерлерді қолдау немесе жас әріптеске тәлімгерлік ету болуы мүмкін. Дәл осы игі істер циклі адамның өзінен жоғары өсуіне мүмкіндік береді. Қайырымдылық оның кез келген көрінісінде табыстың кілті болып табылады.

Нағыз көшбасшы болыңыз

Робин Шарма өзінің «Тақырыпсыз көшбасшы» кітабында біздің ең маңызды еркіндігіміз – өзіміз  болу бостандығымыз.  Сондықтан «кез келген адам табысқа жете алады» деген маңызды идеяны айтады.

Көшбасшы болу үшін арнайы білім алудың қажеті жоқ. Ол үшін шешім қабылдай білу, барлық әрекеттерге жауапкершілікті алу, мәселелерді дереу шешуге батылдық және басқа адамдарға көмектесуге деген үлкен ықылас жеткілікті.

Автор да ұлы тұлға болу арқылы ғана ұлы көшбасшы болуға болады деп есептейді.

Тепе-теңдікті сақтаңыз

Көбінесе эмоциялар ақыл-ойдан басым болады. Нәтижесінде шешім қабылдау кезінде объективтілікті жоғалтамыз. Бұл өз кезегінде, бізді басқалармен қарым-қатынасқа және жалпы өмір сапасына теріс әсер етуі мүмкін әрекеттерге әкеледі.

Күйзеліске ұшырамай, тепе-теңдікті сақтау қабілетін меңгеру қиын сияқты. Бірақ оны бір рет меңгергеннен кейін сіз өмірдің барлық салаларында оң әсерді бірден сезінесіз. Эмоцияларыңызды бақылауды әдетке айналдырыңыз, қызуқанды әрекеттеріңізге өкінудің қажеті болмайды.

Бүгін өлетіндей өмір сүріңіз

Робин Шарма өзінің көптеген кітабында оқырманды «бүгін өміріңіздің соңғы күні екенін білсеңіз, не істер едіңіз» деп ойлануға шақырады.Сіз өз ойларыңыз бен әрекеттеріңізді өзгертесіз бе? Сіз қандай эмоцияларды бастан өткерер едіңіз?  Бақытты өмірге қуану ма? Әлде босқа өткен жылдарға түңілу ма?

Дүние жүзінде адамдар өте қартайған кезде де тағдырын өзгерткен көптеген мысалдар бар. Әдетте, бұл олардың қандай да бір ауыр ауру туралы білуіне немесе терең дағдарысты бастан өткеруіне байланысты болды. Қалай болғанда да, бұл оқиғалар оларға қатты әсер етті және олар өмірге деген көзқарастарын толығымен өзгертті. Олар өздеріне ұнамайтын жұмыстарды тастап, деструктивті әдеттерден бас тартып, ең үлкен армандарын орындай бастайды. Автор бізді қолайлы сәтті күтпей, кейінірек бос өткен жылдарға өкінбеу үшін өмірімізді жақсы жаққа өзгертуді дәл қазір бастауға шақырады.

Өзіңізді зерттеңіз

Робин Шарманың айтуынша, өміріңізді өзгертуге және өзгеруге ешқашан кеш емес. Бос өткен өмірге өкінбеу үшін жаныңды күйдіретін, шабыттандыратын себеп табу керек. Күшті жағыңыз қандай, әлсіз тұсыңыз не? Жақсы жаққа өзгеруге ешқашан кеш емес екенін есте сақтаңыз.