Bugin

Тоқаев АҚШ-қа не мақсатпен барды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Нью-Йоркке барды. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысады. Бұл туралы bugin.kz порталы Ақордаға сілтеме беріп хабарлайды.

Сапар бағдарламасы өте маңызға ие. Бүгін, 19 қыркүйекте Мемлекет басшысы әлемдік қаржы институттарының, соның ішінде JPMorgan Chase & Co., Citi, Goldman Sachs, NASDAQ және т.б. басшыларымен кездеседі. Ол Boeing, Exxon Mobil, General Electrics, Wabtec, Microsoft сынды трансұлттық компаниялардың басшыларымен, сондай-ақ сарапшылық топтар өкілдерімен кездеседі.

Ертең, 20 қыркүйекте Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы дебатында сөз сөйлейді.

Олардың өтініші бойынша БҰҰ Бас хатшысымен, Еуропалық Одақ басшылығымен және бірқатар мемлекеттердің басшыларымен кездесулер өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммитке қатысады.