Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚазақстанда көмірді автомобиль көлігімен экспорттауға тыйым салынды. Бұл туралы bugin.kz порталы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме беріп хабарлайды.
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 514 бұйрығымен республикадан автомобиль көлігімен көмір экспортына шектеу қойылды», - делінген хабарламада.
Тыйым қатты отынды қайта сату үшін көрші елдерге экспорттау фактілеріне байланысты уақытша енгізіліп отыр.
«Шешім 2022-2023 жылдарға арналған жылу беру маусымының мақсаттарына қол жеткізу үшін көмір кеніштерімен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп әзірленді және халық пен бюджеттік сектор тарапынан белсенді сұраныс кезеңінде көмір тапшылығын болдырмауға бағытталған», - деп ақпаратта айтылған.