Спорт

Головкиннің келесі қарсыласы кім екені айтылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

Геннадий Головкиннің Сауль «Канело» Альварестен ұтылғаннан кейін келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Головкин «Канелодан» жеңілгенімен орта дивизионда WBA Super және IBF чемпионы атағын сақтап қалды. vRINGe.com хабарлауынша, енді ол WBA Super чемпиондық атағын қорғап қалу үшін міндетті түрде кубалық Эрисланди Ларамен қолғап түйістіруі керек.

Кубалық боксшы WBA World титулының иегері. Оның жасы Головкирнмен шамалас. 39 жаста. Головкинге WBA Super белбеуін қорғау немесе бас тарту туралы шешім қабылдауға бес күн уақыты бар.

Головкин үшін «Канеломен» жекпе-жек «Matchroom Boxing» промоутерлік компаниясы және DAZN платформасымен келісімшарт бойынша соңғы айқасы болды. Ал Лараның жекпе-жектерімен Эл Хэймонның «Premier Boxing Champions» компаниясы айналысады. Енді отандасымыз «РВС» жобасына қосылуы мүмкін. Ал онда 32 жекпе-жек өткізіп, соның бірде біреуінде жеңілмеген WBC чемпионы Джермалл Чарло бар.