Bugin

Қайрат Сатыбалды кінәсін мойындады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қайрат Сатыбалды кінәсін мойындап, 12 миллиард теңгені өтеуге келісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы KazTag агенттігіне сілтеме жасап.

«Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиенінің адвокаты оның қорғауындағы азаматтың кінәсін мойындап, 12 миллиард теңге шығынды өтеуге келісетінін айтты. Сотталушы жазаның жеңілдетілуіне үміттенеді», - делінген хабарламада.

Қайрат Сатыбалдыға ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айып тағылуда: алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік зиян келтіру, сондай-ақ өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқыру. Басылым Сатыбалдының «Қазақтелеком» АҚ және «ЦТС» АҚ басшылығымен медиациялық келісім жасасқанын атап көрсетеді.