Bugin

Қазақстанда астықтың 86%-ы жиналды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізде 13,9 млн гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды. Бұл – астықтың 86,3%-ы. Бұл туралы Bugin.kz порталы Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір орташа өнімділік – гектарына 12,5 центнер.

«17,3 млн тонна астық бастырылды. Майлы дақылдардың жалпы түсімі – 363 мың тонна, 3,6 млн тонна көкөніс және 2,1 млн тонна картоп жиналды. Егінді жинау жұмысы жалғасып жатыр», – деп жазылған хабарламада.