Bugin
Біріккен Араб Әмірліктері өрттен зардап шеккен Қостанай облысына 1 млн доллар көлемінде көмек бөлді. Бұл туралы Bugin.kz порталы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Премьер-министр БАӘ Президентіне ірі өрттер орын алған Қостанай облысындағы ормандарды қалпына келтіруге 1 миллион доллар көлемінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.
Премьер-Министр биыл елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толып жатқанын, осы уақыт ішінде стратегиялық әріптестік деңгейіне жеткенін баса айтты. Бұл жайлы Смайылов пен бен Заид Әл Нахаянның кездесуінің қорытындысы бойынша үкіметте хабарлады.
«Біз экономиканың өзара мүдделі барлық салаларында толық ауқымды ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниеттіміз. Біз сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктеріне Қазақстанның халықаралық бастамаларына тұрақты және мызғымас қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз», - деді министрлер кабинетінің басшысы.
Премьер-Министр соңғы жылдары әртүрлі салаларда бірлескен жобалар санының тұрақты түрде артып келе жатқанын қосты.
«Сонымен бірге біз инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және тереңдету үшін айтарлықтай әлеуетті көріп отырмыз. Үкімет инвесторлардың бастамаларын жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Жақын арада жаңа бірлескен жобаларды іске қосамыз деп сенемін», - деді Смайылов.
Бен Заид Әл Нахаян Қазақстан мен БАӘ арасында өте достық қарым-қатынас орнағанын атап өтті.
«Мен екіжақты ынтымақтастығымыздың барлық салаларын толық қолдаймын», - деді БАӘ басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің сәлемі мен ізгі тілегін жеткізіп.