Өнім
Құрылыс салушы 10 жылдан бері құрылысшыларға жалақы төлеуден бас тартып келген елордалық тұрғын үй кешенінің төңірегіндегі жанжал жалғасты. Бұл туралы bugin.kz порталы orda.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп хабарлайды.
Астанадағы 25 қабатты үш мұнарадан тұратын «Эгалит» тұрғын үй кешені пайдалануға беріліп, тұрғындары 10 жыл бойы тұрып жатыр. Алайда, тұрғын үй кешенін салған құрылысшылар әлі күнге дейін еңбегінің ақысын ала алмай жүр.
Іс қазірдің өзінде сотқа дейін барды, бірақ тіпті сот шешімі мәселені шешуге көмектеспеді. Ғиарат құрылысын жасаған тұлғаның шоттары бос. Құрылысшылар Ішкі істер министрінің атына ұжымдық арыз жазған. Бөлім 10 жыл бұрынғы оқиғаны Байқоңыр ауданы әкімшілігіне қағаздарын жіберіп жалғастырды. Ғимаратты соққан мердігердің әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болып шықты.