Қоғам

Қазақстан қай мемлекеттермен визасыз келісімге қол қойды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан АҚШ-та Доминикан Республикасы, Албания және Парагваймен визасыз режим туралы келісімдерге қол қойды. Бұл туралы bugin.kz порталы  Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Доминикан Республикасымен ұлттық төлқұжаттардың, сондай-ақ дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімдерге және Албаниямен визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ Парагваймен дипломатиялық және қызметтік төлқұжаттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды», - деді жұма күні Сыртқы істер министрлігі Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі бастаған қазақстандық делегацияның кезекті кездесулерінің қорытындысы бойынша.