Өнім

Мобилизация жарияланған соң 200 мың ер адам Ресейді тәрк еткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Владимир Путин мобилизация жариялағаннан кейін Ресейден 261 000 адам кетті. Енді Путинді «кеш болмай тұрып» шекараны жабуға көндіреді деген болжам бар, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Новая газета. Еуропа» басылымына сілтеме жасап.

Кремльде әскерге жарамды ер адамдар үшін шекараны жабу туралы талқылау Ресейді тәрк еткен азаматтар саны анықталғанда басталды.  

Әңгімелесушінің айтуынша, 25 қыркүйекте ФСБ «кеңселерді аралап шыққан». Ресей Федерациясынан 3 күнде  261 000 адам кеткен.

Кремльдегі дереккөз ФСБ деректерінің растығына күмән келтіреді. Өйткені ФСБ шекара қызметі «тез жұмыс істемеген».