Әлем
Наразылық акциялары, әскери комиссариат ғимараттарын өртеп жіберу, Украинаға басып кіруді ақтап, бірақ ұлдарын соғысқа жіберуден бас тартқан аналар, әскерге шақыру төңірегіндегі хаос. Ресейдің дәл қазіргі картинасы.
Сергей Фадейчев / ТАСС
Ресей президенті Владимир Путин жариялаған мобилизация басталғанына бірнеше күн болды. Үкімет өкілдерінің тыныштандыратын сөздері мен көптеген уәделеріне қарамастан, шақыру қағаздарының ретсіз беріліп жатқаны сонша, тіпті үгіт-насихат жүргізушілер де қателіктер туралы айтып жатыр. Шақыру алғандар бұл процестің Донецк сценарийі бойынша жүріп жатқанын айтады: кімді тапса, ұстап алып,соғысқа атандырады. Құдды жасырынбақ дерсің. Жауап ретінде ерлер Ресейден қашып, жасырынып, наразылық білдіріп, әскери комиссариаттарды өртеп жатыр. Bugin.kz порталы BBC ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Ресейдегі мобилизациядан қашқан жігіттің әңгімесін ұсынады.
Тулалық 27 жастар инженер Илья (аты оның өтініші бойынша өзгертілді) 21 қыркүйек күні таңғы сағат 9-да оянған. Көзін тырнап ашқаннан президент Путиннің мобилизация туралы мәлімдемесін естіген. «Оны тыңдап отырып, мен қысқы заттарымды жинадым. Негізі мен бұған соғыс басталғалы дайын едім. Заттарымды жағдай мұншалық күрделенбес деген үмітпен жинамай жүрген едім», - дейді ол.
Мобилизациядан құтылу үшін ол шекара асуды жоспарламады. Заттарын алып, танысының төлқұжатымен жаңа SIM картасын алса, көрші облыста әскери қызмет ететін досын паналамақ еді. Оған жету жолдарын іздестірін, жоспар құрумен болды. 24 ақпанда 200 000 рубль ақша жинап, соғыстың 7 айында тағы 150 000 рубль жинақтай алды.
«Мен әлеуметтік желілерден мобилизация туралы жаңалықтарды мұқият оқыдым. Алғашқы күндерден-ақ көшеде ер азаматтардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бізге де осы күн туатынын түсініп, алдын ала дайындалдым», - деді ол.
Ильяның айтуынша, оның басқа амалы өалмаған. Шетелге шығу туралы сұрағанда: «Мен ол жақта кімге керекпін?» деп жымиды.
Илья Ресейге әскери комиссариат қажет екенін жақсы түсінеді. «Мен қызмет еттім – бәріміз де қызмет етеміз. Маған әскери келісімшарт қажет емес еді. Әскери қызметтен аяқтап енді қалыпты өмірге оралдым, оқыдым, жұмыс істедім», – дейді күлімсіреп.
Илья танк әскерлерінде қызмет етті. Оның әскери досы келісім-шартқа отырып, соғыс басталғаннан кейін Украинаға кеткен. Екі айдан кейін ол жарақат алып, запасқа ауыстырылып, еліне оралған.
«Оның ұлты - украин. Кімге қарсы соғысса де бәрібір, бірақ ол жақта бәрі нашар ұйымдастырылған. Мен ешкімге соғысуға кеңес бермеймін», -деді. «Ол жарақаты үшін әлі ақша алған жоқ», - дейді Илья.
Ирина Рыбакова / Украинаның Холодный Яр әскери бөлімі / AP / Scanpix / LETA
«Украинада болып жатқан оқиғаларға қалай қарайсың?» деген сұраққа Илья оны мүлдем қызықтырмайтынын айтты: «Маған бәрібір, бұл басқа ел. Херсон бізге не үшін керек, ол үшін өлгім келмейді».
Ол Telegram арналарында соғыс туралы жаңалықтарды бақылайды. Ол ресейліктерге жанашырлығы үшін айыпталған украиналық саясаткер Анатолий Шаридің блогын еске алады (қазір ол Испанияда және Украина оны экстрадициялауды талап етуде). Навальныйдың арнасын оқитын Илья ақпарат көздеріндегі бұл тақырыптың қызықты екенін, бірақ ештеңені өзгертпейтінін айтады. Ол ешқашан наразылық білдірген емес. Илья митингке қатысқандар туралы тыжыранып «Олардың басқа істері жоқ сияқты»,-деп айтады.
Ол енді не істерін білмейді. Қыстауға арналмаған саяжайда тұрғысы келеді. Консервілер мен картоп сатып алып, үнемді өмір сүруді жоспарлаған. «Мен анаммен телефон арқылы қоштастым. «Мен саған ондай тәрбие бермедім, енді қолыңнан ештеңе келмейді?» деді. Илья жаңа телефон нөмірін анасына бермеуді шешкен. Өйткені әскери комиссариат біліп қоя ма деп қорқады.
«Мен жақында бір жаңалық оқыдым. Мен сияқты адам Луганскіде 6 ай бойы жасырынып жүреді. Содан кейін олтерезеден секіріп кеткен. «Бұл ақпараттың рас-өтірігін анықтауға бола ма?» деп қоштасты ол.