Қоғам

Ресеймен шекарада азаматтарымыз Қазақстанға өте алмай тұр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанға өткісі келетін ресейліктердің кесірінен қазақстандықтар Ресейде шекарада тұрып қалды, деп хабарлайды bugin.kz порталы Lada.kz сайтына сілтеме беріп.

«Ақтау тұрғындары Қазақстан мен Ресей шекарасындағы кептеліс салдарынан үйлеріне қайта алмай отыр. Ақтау тұрғыны бірнеше күннен бері шекара бақылауында тұрғанын Лададаға айтқан. Бойжеткеннің айтуынша, көп адамның жанармайы мен тамағы таусылып, кезек әрең қозғалуда», - делінген хабарламада.

Кристинаның айтуынша, ол демалыс кезінде Ресейге туыстарына баруға кеткен, бірақ ол әлі қайта алмаған.

«Біз Ақтауданбыз, демалыста туған-туыстарымызға қонаққа бардық. Қазір Ресей мен Қазақстанның шекарасында тұрып қалдық. Жол патрульдік қызметі өтіп бара жатыр еді, біз көмек сұрадық. Олар жоғарыдан бұйрық түспейінше ешқандай көмек көрсете алмайтындарын айтты. Жұмысқа баратын уақытымыз болды, бірақ біз осында тұрып қалдық», - деді қыз.

Шекара жыры Кристинамен айқталмайды, тағы бір отбасы да осындай жағдайда қалған. Ақтау қаласының тағы бір тұрғынының айтуынша, шекарадағы кезек шынымен де бейберекет.

«Ол жерде бәрі бар – жүк көліктері де, жеңіл көліктер де. Жағдай сұмдық, 11 шақырым кептеліс екі күнге жалғасуда. Соңғы 24 сағатта біз небәрі 500 метр алға жылждық. Егер сіз бензинге кетсеңіз, кезекке қайта алмайсыз, қайта тұруыңыз керек. Төбелес, ұрыс-керіс, халықтың жүйкесі жұқа. Балалы әйелдер жылап жатыр. Әйтеуір күту үшін Саратовқа қайттық. Ең сорақысы, қолымыздан ешнәрсе келмейді», – дейді Ақтау қаласының тұрғыны.

Тұрғындар Қазақстан билігінен бұл мәселеге назар аударып, өз азаматтарының еркін жүруін қамтамасыз етуді сұрайды.

«Біз, Қазақстан азаматтары, Ресей Федерациясының «Қараөзек» шекара бекетінің (Астрахань-Атырау) алдында ұзындығы 30 шақырымға жуық үлкен көлік кептелісі салдарынан үйге қайта алмай отырмыз. Екі күннен бері сонда тұрмыз. Кезекті ресейлік деректер базасында тексеріліп жатқан Ресей азаматтары құрайды. Қазақстандық нөмірлі көліктер өте аз, сонымен бірге олар жалпы кезекте тұруға мәжбүр. Қазақстан Республикасының Елшілігінен Қазақстан Республикасының азаматтарына туған жерге оралуға көмектесуін сұраймыз», – дейді Ақтау қаласының тұрғыны.