Bugin

Мемлекет жаулары: басшылар заңды қалай өзгерткен?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Соңғы жеті ғасыр бойы билік орындары: Уильям Уоллостен бастап «лорд Хо-Хо-ға» дейін ұлтқа сатқындық жасады депайыпталған адамдарға қатысты сот үкіміне қол жеткізуге әлденеше рет тырысып бақты. Марк Корнуоллдың зерттеулері жеке адам құқықтары мен мемлекет билігі арасында күшейіп келе жатқан қзара байланысты көрсетуін мемлекетке опасыздық туралы 10 атышулы іске арнады.

Уильям Уоллестің бетбұрысты ісі

Шотландтықты соттау мына бір жәйітті дәлелдеп берді : кек қайтару үшін корольдерге мемлекетке опасыздық туралы зандарды пайдалануға ештеңе кедергі бола алмайтын еді.

1305 жылғы 23 тамызда Уильям Уоллес мемлекетке опасыздық  жасағаны үшін Лондондағы Вестминстер залында сотталды . Оны «сатқын» ретінде жауыздықпен өлтіру : дарға асу , шапқылап тастау және аяқ-қолдарын ат кұйрығына байлап жазалау күтіп тұрды. Король Эдуард I 1297 жылы Стерлинг көпірінде ағылшын әскерлерін күл-талқан еткен Шотландияның тәуелсiздiгi жолындағы козғалыстың кажымас «қайраткерінен» қатыгездікпен кек алуға құштар еді ( осылайша Уоллестiн  iсi тарихта бетбұрысты сәт болды ). Ол мемлекетке жасаған опасыздықтың мән-жайын корольдi өлтіруді көздейтiн қаскүнемдіктен «соғыс бастау» ( көтеріліс ) актiсiне дейiн кеңейтті . Англия монархтары XIV ғасырға қарай «опасыздық» ұғымын өз мақсаттарына сәйкес осылай ерікті түрде айқындап отырды.

1350 - ші жылдары ағылшын пэрлерi корольдердің мұндай жылыпостығын әйтеуір жүгендеуге тырысты . 1351 жылғы мемлекетке опасыздық туралы заңға сәйкес опасыздық ең алдымен монархқа карсы қылмысты : «адамның бiздiң король мырзамызды, біздің ханымымызды, оның патшайымының немесе олардың үлкен ұлын өлтіруді жоспарлауын немесе көз алдына елестетуiн» білдіреді. Яғни сатқындықты елестету сол әрекеттің өзін жасаумен бірдей болды .

«Бiздiн король мырзамыздың корольдiгiнде оған қарсы соғыс бастау» да , «корольдікте немесе тағы басқа бір жерде король жауларына көмек пен қолдау көрсету» де опасыздық» болып есептелді . Бұл король қанаушылығына кепілді түрде жол бермейтін нақты тұжырым сияқты көрiнуi мүмкін еді , бірақ бәрі тек қиындап кетті. Ал 1351 жылғы заңдағы қосымша тармақ құлықсыз монархтарға бұрынғыдан да кең iс-қимыл бостандығын берді : ендi « мемлекетке опасыздық » дегеннiң не екенiн шеше алмайтын судьялар iстi король мен парламентке тапсыруға тиiс болды. Монархтар бұл тармақты «Жаза туралы заң жобасын» жасау үшін пайдаланды, ол бойынша адамды жай ғана сатқын деп жариялап , мемлекетке опасыздық жасағаны үшін парламенттiң актісімен кінәлі деп табуға болады . Сөйтіп, парламенттiң көмегімен король судьяға, алқабиге және бірқатар жағдайларда , жендетке айналды .

Фото: commons.wikimedia.org

 Уильям Уоллестiң Абердиндегi мүсiнi . Оның 1305 жылы жазалануы  «мемлекетке опасыздық» деген анықтаманың корольді өлтiру максатында астыртын сөз байласудан бастап бүлiк шығару үшiн арандатуға дейін неғұрлым кең ауқымды сипат алуына әкелді.

Фото: ашық дереккөзден алынды

Жантүршігерлік ажал. Хью Диспенсер королева Изабелла мен оның одақтасы Роджер Мортимердің бұйрығымен Херефордта дарға асылды , шапқыланды және аяқ - қолдары жұлынды, 1326 жыл. XIV ғасырға қарай мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған адамдарды жантүршігерлік ажал күтіп тұрды

Тауэр қауесеті

Томас Морды 1535 жылы жасаған iс-әрекеті емес , айтқан сөздері жазалау тұғырына шығарды.

 Тюдорлар заманындағы Англияда мемлекетке опасыздык жасау туралы iстер саны күрт өсті. Монархтар сол кезде әулет сабақтастығын нығайтып, Риммен дiни алауыздықты қолдау үшін осы тақырыпқа 68 жаңа заң, оның iшiнде 1534 жылғы мемлекетке опасыздық туралы заңды енгiзген болатын. Бұл процесс Генрих VIII-нің Анна Болейнге үйленгеннен соң өзiнiң жағдайын нығайтуға ұмтылған кұлшынысынан басталды.

Король екiншi рет үйленгеннен кейін өзiнiң өлiмiн болжаган монах әйел Элизабет Бартоннын мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталуын тiледi. Судьялардың келiспеушiлiгiне қарамастан, Жазалау туралы заң жобасын ескере отырып, Бартонды кінәлі деп тауып, оны жазалауға үкім шығарылды.

Корольді балағаттауды, ол жайында «жиіркенішті» сөздерді пайдаланып дiн бұзар немесе қанаушы ретінде айткан пікірлерді «опасыздық» деп таныған 1535 жылғы заңның қаһарына сэр Томас Мор да iлiктi . Мор реформалаудың қызу қарсыласы болды және лорд - канцлер болған кезiнде ант беруден бас тартты, ал антқа сәйкес ол Генрихті Англикан шіркеуiнiң Жоғарғы басшысы екенiн және оның Рим Папасынан жоғары тұрғанын мойындаған болар еді. Міне осы ұстаным Морды Тауэрге алып келді. Тауэрде Морға тұтқынды өзiнiң сатқындығын мойындауға алдап көндіру ушiн бас пірәдар Ричард Рич келді, кейінірек ол Мор Генрихтін үстемдігін теріске шығарғанын мәлімдеді. Кездесу куәгерлерсіз өтті.

1535 жылы сотта Мор Рич оған жала жапқанын мәлімдеп, сөзін былай деп жалғастырды: «Менің өзіме-өзiм-мiс опасыздық жасау каупiнен гөрi сiздiң жалған айғақтар келтiруiңiз менi көбірек алаңдатады». Морды бұл кұткарған жоқ. Арада ширек сағат өткенде алқабилер оны «сөзбен опасыздық жасады» деп кінәлап, оның басы шабылды. Бұл iс 1534 жылғы мемлекетке опасыздық туралы заңның кауіпті мүмкіндігінің айғағына айналды. Генрих қайтыс болғаннан кейiн заң күшiн жойды және содан берi мемлекетке опасыздық жөнiндегi кез келген айыптау дəлел ретінде екі куәгердің қатысуын талап ететін болды.  

Дереккөз: BBC History.