Өнім
«Шекара қақпасының алдындағы тәртіпсіз халық , босқындарға толы кинотеатр» - ресейлік босқын елден кеткені және Қазақстандағы өмірі туралы айтып берді. Бұл туралы Bugin.kz порталы «Медуза» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: «КПП Теплое Шаған – Авто очеред» Telegram-каналы.
Ресей президенті Владимир Путин 21 қыркүйекте Ресейде «жартылай» жұмылдыру жариялағаннан кейін әскер жасындағы көптеген ресейліктер елден кете бастады. Соғысқа барудан қашқан халық ағынының салдарынан Грузия, Финляндия, Қазақстан және Моңғолия шекараларында бірнеше шақырымға созылған кезек пайда болды. Бұл елдердің бақылау-өткізу бекеттерінде әлі де мыңдаған ресейліктер бар. Олардың бірі Қазақстанға қашу кезінде басынан кешкендерін айтып берді.
Мобилизация жариялана салысымен мыңдаған ресейліктер елден лезде кетуге тырысты. Олардың 100 мыңнан астамы көрші Қазақстанға өтіп үлгерген. Шекарада бірнеше сағаттық кезекте тұрған ресейліктер Қазақстанның осы өңірдегі ең ірі қаласы Оралға барады.
Қалада қолжетімді жалға берілетін баспана қалмады. Бірақ жергілікті тұрғындар босқындарға көмектесуде. Мигранттарды ерікті азаматтар ғана емес, ұйымдар да қабылдауда. Атап айтқанда, Орал қаласындағы «Синемапарк» кинотеатры өз аумағына көптеген ресейліктерді паналатуда. «Медуза» басылымы Қазақстандағы алғашқы түнін осы кинотеатрда өткізген ресейлік босқынмен сұхбаттасқан. Төменде оның әңгімесі берілген.
«Мен елден кетуге шешім қабылдадым, өйткені не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік болмады. Ертеңгі күнге сенім қалмады. Жағдай – ауыр. Мобилизацияға шақыру ретсіз жүргізілді. «Ішінара» жұмылдыру және ресми ақпарат төңірегіндегі нақты оқиғалар бір-біріне қайшы келіп, ақпараттардың барлығы «жалғанға» айналды.
Оның үстіне мен демалыста болдым. Шекаралар жабылып қалса, Ресейдің ішіне кіргім келмейтінін түсініп, ертерек кетуге шешім қабылдадым. Мүмкін мен онда қалып, әскерге аттанғым келмеді.
Мен 2-3күн ішінде кетуге жылдам шешім қабылдадым. Қатты қобалжыдым, айналамда болып жатқан келеңсіздіктерді ойымнан шығара алмадым. Тіпті бірнеше күн жұмыс істей алмай, демалдым.
Мен тездетіп кетуді жоспарладым. Менің отбасым шешімімді жақсы қабылдады. Әрине, олар бұған қуанбады, бірақ қайғырмады да. Бәрін түсінді. Отбасымнің мені қорғауы маңызды деп ойлаймын. Бұл қалыпты жағдай.
Сондықтан олар маған жай ғана «Жарайды, біз сені қолдаймыз. Қажет деп ойлайтын нәрсені жаса» деді.
Бірақ олардың эмоциялары байқалып тұрды, олар да қобалжыды. Уайымдады. Өйткені Ресейлегі бұл картина жақын арада аяқталмайды.
Әртүрлі топтағы таныстарыммен: достарыммен, әріптестеріммен жиналдық. Алғашында апатты жағдайдан шығу жоспарына ешкім мән бермеген. Барлығы қандай да бір ойын немесе сериялдағыдай болды. Біз жағдаяттан шығу жоспарын талқыладық: қалай кету керек, қайда бару керек және оны мүмкіндігінше қалай тиімді ету керек дегендей. Шешім қабылдауда әзірлеушінің аналитикалық миы (оқиғаның кейіпкері IT саласының өкілі) өз рөлін атқарды.
Ақырында бәрі бірдей кетуге шешім қабылдаған жоқ. Мұндай шұғыл шешім қабылдау оңай болған жоқ әрі бұл әрекет бәрінің қолынан келе бермейді. Біреудің отбасы болды, біреудің жағдайы одан да қолайсыз болды, біреу жай ғана шешім қабылдай алмады. Нәтижесінде досым екеуміз жолға шықтық.
Қазаннан Самараға автобуспен сегіз сағатта жеттік. Bombillar (заңсыз жеке такси жүргізушілері) сізді Самарадан жақсы бағаға кез келген жерге апарады. Шекараға дейін ешқандай проблема болған жоқ.
Самарадан жақын маңдағы шекара бекетіне бардық. «Яндекс картасы» шекарада кезекте тұрған көліктердің қозғалысы 20 шақырымға жуық екенін көрсетті. Онда қалудың мағынасы жоқ болды. Ал жергілікті жүргізушілер маған басқа бақылау бекетіне – Теплоеге баруға кеңес берді.
Теплое өткізу пунктінде кезек
Біз Самарадан Теплоеге дейін төрт сағат жаяу жүрдік. Мұнда да көліктер кезегі өте ұзаққа созылған, шекарадан өту баяу жүзеге асты. Өйткені бақылау-өткізу бекеті мұндай үлкен ағынды қабылдауға дайын емес еді.
Кезектегілер өздерін жақсы сезініп, адекватты әрекет етті. Кезекте тұрғанымызда алдымдағы адам маған маркер беріп, «Нөміріңді қолыңа жаз, бәріміз кезекпен барамыз. Өз кезегіңді жазып, келесісіне бер», – деді.
Маркер кезек соңындағы адамдарда болды, жаңа адамдар келіп, маркерді алып, өз кезегін жазып отырды. Күн 140-шы айналымнан басталды деп ойлаймын.
Күннің бірінші жартысында бәрі бірқалыпты өтті. Біз осы режимде төрт сағатқа жуық тұрдық – отырдық, тұрдық, жүрдік, сөйлестік, бәрі тыныш болды. Кезекте төрт-бес сағат өтті.
Түскі астан кейін хаос басталды. Нөмірін жазбаған, кезектің не екенін білмейтін адамдар келіп, шекара қақпасына қарай жүре бастады. Кешке қарай қақпа алдында бейберекет топ пайда болатынын бәрі білді. Кезек соңындағылар алдыңғы қатардағы адамдарды итеріп, қолайсыздық туындатты. Нәтижесінде шекара бекетінің қызметкерлері ашуланып кетті.
Олар сосын бір уақытта он адамды кіргізіп, өткізе бастады. Әрбір ондықтың өтуіне 45 минуттан бір сағатқа дейінуақыт кетті. Рәсімдеу өте баяу жүрді. Шекарадан кезексіз өткендер де болды. Отбасылы адамдар кезексіз өткізілді.
Сонымен, кешкі алтыдан таңғы бірге дейін дене салмағын аяқтан аяққа ауыстырып, бір қалыпта тұрдық. Біз қақпадан бес метр қашықтықта ғана тұрдық, бірақ халық нөпірі тым көп. Кезек нөмірі бар ма, жоқ па ешкімді мазаламады. Еріктілер барлығын қайта реттеуге тырысты, бірақ адамдар оларды тыңдамады.
15 сағат жаяу жүріп, ақыры түн ортасында шекарадан өттік. Кезекте тұрғанда интернет жоқ, тек СМС пен қоңырау қолжетімді болды. Жаңбыр жауып, қар басып қалды (панаға қашып, киім ауыстыруға мүмкіндік жоқ, өйткені алдыңғы жақтағы орныңнан айырылып қаласың).
Жылы киімдерін, көрпелерін бізбен бөліскен жақсылар да болды. Ресей жағынан еріктілер бізге тамақ, шай, су таратып берді.
Шекарашылар асықпай, баяу жұмыс істеді. Олардың ұраны: «Бәрі өтеді, бәрі өтеді, тек өз уақытында». Бақытымызға орай, біздің уақыт келді. Ресей тарапы ешқандай сұрақ қойған жоқ. Олар біздің көзімізге қарап, физиогномия жасап (бет-әлпетті тексеру), мөрімізді басып, заттарымызды тексеріп, өткізіп жіберді.
Қазақстан шекарасында 45-60 минут жүрдік. Барлығы тыныш – сыпайы болды. Алдымен рұқсат қағазын алу керек, содан кейін тексеру және паспорттық бақылау қажет. Мұнда әдеттегі сұрақтар қойылды: қайдан, қандай мақсатта келгенің, транзиттік сапар ма, жоқ па дегендей.
Қазақстан шекарасынан көп адам өте алды. Алайда мобилизациядан шақыру алғандар кері қайтуға мәжбүр болды.
Барлығы, тіпті А санатындағылар (запастағы): әскери қызмет және 25-30 жас аралығындағы адамдар шекарадан өтті. Шекарашылардың «А» санатындағы адамдар тасымалданбайды деп қатаң ескерткеніне қарамастан, олар Ресейден кетіп қалған. Олар неге кетіп бара жатқандарын айтудан қашты. Резервтер ескертуге қарамастан шекарадан өтпек болып, қатты қобалжыды. Ешқайсысы кері бұрылмады. Сонда мен олар да шекарадан өтті деген қорытындыға келдім.
Қазақстан шекарасынан өткен бойда бізді жақын маңдағы қалаға апаратын таксилер күтіп алды. Біреу өте қымбат бағаны айтса, енді бірі қолжетімді бағаны ұсынды. Ең жақын қала Оралға қарай жолға шықтық. Бір сағат жаяу жүрдік. Өкінішке орай, қалада үйіміз болмады. Пәтер жалдау мүмкін емес еді. Барлық үйлер алдын ала сатып алынған, түнде баспана табу одан да қиын болды.
Олар бізді кинотеатрға апарды. Еріктілердің көмегімен қаладағы кинотеатрда, өз қалауыңыз бойынша мешітте, тағы бір үлкен ғимаратта (есімде жоқ) түнеп шығуға мүмкіндік туды.
Азамат Майтанов / Twitter
Бастапқыда кинотеатрда адам аз болды, кейін көбейе бастады. Бәрі қандай болды: кинотеатр, күзетшілер тұрып, «Ресейденсің бе, жоқ па?» деп сұрайды. Тек Ресейден келгендер түней алатын. Содан кейін олар сізді жоғарыға апарып, дәретхана мен кинотеатрдың қайда екенін көрсетеді. Орналастыруыңызға жағдай жасайды.
Кинотеатр ғимаратынан шығуға, мұнда жүруге тыйым салынады. Залда елу шақты, мүмкін одан да көп адам болды. Мұны айту қиын.
Барлығы келіп бұрышқа жайғасты. Кейбіреулер кинотеатр кілемінде жатты. Орын жылы әрі жайлы болды.
Кинотеатрда бірігу керек деген әңгіме болды, жігіттер топ болып жиналып, бірге таксиге отырып, валюта айырбастап, көшіп-қонып, пәтер жалдады. Көптеген адамдар транзитпен саяхаттауға ниетті емес. Көптеген адамдар осында қалуды жоспарлады. Олар елде 90 күнге дейін болу үшін көші-қон қызметіне тіркелгісі келді.
Қазақстанға енді ғана келген ресейліктер Алматыдағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде жеке сәйкестендіру нөміріне кезекте тұр. 27 қыркүйек, 2022 жыл. Владимир Третьяков / NUR.KZ / AP / Scanpix / LETA
Төрт сағат ұйықтап, енді не істеу керектігін ойлана бастадық. Бізді таңғы сағат он бірде оятып, орталықтың ашылып жатқанын айтты. Олар бізге «заттарыңды жинап, әрі қарай жүріңдер» деді. Барлығы сыпайы болды, практикалық кеңестер берді, сол орталықтағы асханадан тамақтанып, тегін шай ішуге болатынын айтты.
Жергілікті халық бізді барынша қолдап, қуаттады. Бізге зұлымдық құрсауындағы елден қашқандардай қатынас жасады. Бұл өте қатал әрі жағымсыз нәрседей естіледі. Бірақ бұл – ақиқат!