Bugin
Летаргиялық ұйқы (немесе жай ғана летаргия) ғылым үшін құпия болып қала беретін құбылыс. Бұл – өмірлік процестер баяулататын ауыр жағдай деп саналады. Бірақ ұйқы ұзаққа созылғанымен дене өмірлік маңызды функцияларды сақтайды және өлім қаупі туындамайды. Летаргиялық ұйқы – дененің ауыр стресске, қорқынышқа немесе шамадан тыс жұмысқа реакциясы деген пікір бар. Анығы беймәлім. Назарларыңызға көптеген жылдар ұйқыда болған адамдардың оқиғасын ұсынамыз!
Жиырма екі жыл ұйқыда болған адам
1954 жылы жаздың бір күнінде жедел жәрдем көлігі ерекше науқасты Днепропетровск медициналық институтының психиатриялық диспансеріне жеткізеді. Надежда Лебедина кеше түнде ұйықтаған, бірақ әлі оянбаған. Тыныс алады, жүрек соғысы қалыпты, бірақ оны ояту мүмкін емес.
Күйеуі иығын көтеріп: «Иә, соңғы кездері жиі ұрысып қалатынбыз,кеше де қатты кикілжің болған еді. Бірақ бәрі бәз баяғыша, ерекше ештеме болған жоқ»,-диді. Оның айтуынша, Надежда кешкісін жылап-жылап, төсекке жатып қалғып кеткен.
Дәрігерлер де абдырап қалады. Науқаста патологиялық өзгерістер байқалмайды. Қалыпты адамдардан ерекшелігі – импульс бәсеңдеп, дене қызуы төмендеген. Сондықтан олар оған түтік орнатып тамақтандырады. Одан әрі бақылау үшін емханаға қалдырады. Дәрігерлер дал болып, медициналық кітапшаға «кататониялық ступор» деп жазып, «шизофрения» деген диагноз қойғандай болады.
Мәселе мынада, мұндай құбылысқа алғаш рет тап болған днепропетровск дәрігерлері атақты физиолог Иван Павлов сипаттаған жағдайға назар аударуды ұйғарады. Кезінде 22 жыл бойы «тірі мәйіт» күйінде болған шизофрениямен ауыратын науқасты бақылаған. Оның есімі Иван Качалкин еді. Ол бүкіл Ресейге «төңкеріс кезінде ұйықтаған» адам ретінде танымал болады. 1896 жылы ұйықтап, 1918 жылы оянады. Рас, оның ұйқысы мұншалық «қатты» терең емес еді. Качалкин әлсін-әлсін қозғалып, орнынан тұрып, біраз қимылдар жасап, тіпті есін жимай, әжетханаға дабарып жүреді. Ұйқысынан ойнғанда науқас айналада болып жатқанның бәрін естігенін, түсінгенін және қабылдағанын, бірақ бүкіл денесінде керемет ауырлық сезінгенін және қабағын аша алмайтынын айтты. Сөзін дәлелдеу үшін ол медбикелердің біраз әңгімелерінайтып, таңдандырады.
Бірнеше аптадан кейін Качалкин жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болған екен. Иван Павлов 22 жылдық ұйқы құрсауында болған пациенттің диагнозын «өзі зардап шеккен шизофренияның ауыр түріне реакциясы» деп шешті. Ауру тарихына да солай деп жазуды ұйғарды.
Надеждаға не болды?
Төрт жыл бойы Надежда Лебедина оянбай психиатриялық емханада жатты. Дәрігерлердің нақты шешімін (ең бастысы, болжамды) күтпестен анасы оны өз қамқорлына алып, үйіне алып кетуге шешім қабылдайды.
Бір жылдан кейін Надежданың күйеуі қайтыс болады. Надежда өзін летаргиялық ұйқыға батырған жанжалдан кейін жұбайын ешқашан көрмейді. Көп ұзамай олардың қызы Валя балалар үйіне өткізіледі. Әжесінің бар күші ұйөыдағы Надежданы асырауға кетіп жатқандықтан, Валия балалар үйінен пана таюады. Темір де тозады емес пе? Уақыт –сәті жетіп анасы қартаяды. Ұйқыдағы Надежданы ертіп анасы үлкен қызына көшіп барады.
Жыл сайын әйелдің ұйқысы азая береді. Кейіннен басын айналдырып, қолдары мен аяқтарын қимылдата бастайды. Бірақ ол толық оянған жоқ. Анасы қайтыс болған күні Надежда оянады. Жерлеу рәсімінен кейін 25 жастағы қызы Валя Надежданы көруге барады. Анасының көзі ашық жатқанын көріп ол таңырқайды. Екеуі де үнсіз жылай береді, жылай береді Арадан қанша жыл өткен еді…. Надежда ояна салып анасын сұрайды. Тағы да сөздер аятады, бірақ оның күмілжіген үнін ешкім түсіне алмай қиналады.
Надежда Лебедина 34 жастағы әйел ретінде ұйықтап, 20 жылға жуық ұйықтайды. Осы уақыт ішінде адамзат ғарышқа ұшып, Айға аяқ басқан, Кариб дағдарысынан аман өтіп кеткен еді. Ал енді 1954 жыл емес, 1974 жыл болатын.
Лебедина ұйқысы жиырма жылға созылғанына сене алмайды. Оның айтуынша, ол кеше ұйықтап бүгін оянғандай. Төлқұжатында 54 жас, ал денесі одан жас еді. Оянғаннан кейін қартаюы жылдам болады. Шашы сұрланып, бетіне әжімдер торлаған. Дәрігерлер оған жүру мен күнделікті адамға қажет дағдыларды орындауды қайтадан үйретеді. Оған қойылған шизофрения диагнозының қате екенін түсінеді.
Надежда Лебедина оянғаннан кейін 20 жыл өмір сүреді. Оны шетелге лекция оқуға шақырады, жапондық телекөрермендер ол туралы фильм түсіруді армандайды, бірақ ол ешқашан темір тордан шығып, қалыпты өмірге орала алмады.