ДЕНСАУЛЫҚ
Тамақтану. Әйтеуір аш жүрмеудің амалы ретінде қарап кеткен ұғым. Дегенмен, «ауру – астан» деген ата-бабамыз. Нутрицолог Әйгерім Биболатқызы Bugin.kz порталына қазақ халқының денсаулығына қауіп төндіретін 3 өнімді атады. Нутрицология не үшін керек?
Bugin.kz: Елімізде нутрицология ғылымы енді таныла бастады. Дегенмен ғылым ретінде емес, instagramm желісіндегі қысқа курстар ауқымында танылуда. Негізі Нутрицология қандай ғылым? Ол нені зерттейді ?
Әйгерім Биболатқызы: Қазақстанда медицина кезең-кезеңімен дамып келе жатыр. Алғашында медицина адамды өлтіріп алмауғы қызмет етті. Қазіргі біздің классикалық емханалардың қызметі – шұғыл көмек көрсету. Қызуы көтерілген адамның дене температурасын түсіру; соқыр ішек анықталса, соқыр ішекті алып тастау; босану керек болса, босандыру деген секілді.
Қазір статистикалық дерекке қарасақ, адамдар арасында жүрек-қан тамыр аурулары жиі кездеседі. Инсульт, инфаркт, артериялық қан-қысымының жоғарылауы секілді аурулар бірінші орынға шықты. Қатерлі ісік те ел арасында жиі кездеседі. Аурулардың алдын алу мақсатындағы ізденіс нәтижесінде диетология саласы танылып, адамдардың тамақтануына назар ауды. Содан кейін нутрицология да елге танылды.
Нутрицология – нутриенттерді зерттейтін ғылым. Нутриенттер екіге бөлінеді: макронутриенттер, микронутриенттер. Ет, ақуыз, көмірсу, май, жануардың майы, өсімдік майлары, нан, жеміс, тәттілер, сүт өнімдері – бұлар біз көре алатын макронутриенттер. Дәрумендер, микроэлементтер, бұдан да бөлек ағзаға қажетті өнімдер микронутриенттерге жатады.
Мысалы, біз кортоп, пияз, сәбіз, алма секілді әбден таныс өнімдерді жиі тұтынамыз. Біз жемей жүрген қаншама жеміс, көкөністер бар? Біз тұтынбай жүрген өнімдерде микронутриенттер көп. Адамның денесі ет, сүйек, тамырлар, жүйке жүйесінен тұрады. Бұлардың қызметін реттеуге макронутриенттер жеткілікті. Сонымен қатар ішкі органдар бар. Оның қызметін эндокриндік жүйе реттейді. Ұйқы безі, қалқанша безі, жыныс бездері секілді бездер бар. Осылардың қызметін реттеу үшін гармондар қажет. Олар эндокриндік бездерден бөлінеді. Гармондардың қызметіне дәрумендер мен микроэлементтер керек. Микронутриенттер құлыпты ашатын кілт секілді, соны бұрап ашқанда бізді эндокриндік бездер басқарады. Адамдардың қуануы, күлуі, көбеюі, құлшыныспен еңбек етуі – барлығын да эндокриндік бездер басқарады. Бұл саланы меңгермеу мүмкін емес. Осы саланы меңгерген соң, ауруларды антибиотиксіз, химикатсыз, асқыныстарға жеткізбей емдеп тастауға болады. Бірақ бұған қазақ аудиториясы дайын емес, себебі біздің қазақ құлағанда ғана емделеді. Профилактикаға мән бермейді. Аз уақыттың ішінде бәрін бір таблетка дәрімен шешім тастағысы келеді. Бізде «дәрігерлер дым білмейді» деп жатады. Бірақ сол сөзді айтатын адамдар қандай дәрігерлерге барып ем қабылдады? Ол емхана немесе ауруханаға барып ем алса, ондағы дәрігердің міндеті шұғыл көмек көрсету ғана. Ол дәрігер одан басқа көмек көрсете алмайды. Одан бөлек дәрігер әрі жеті жыл оқыған, өз мөрі бар, ары қарай нутрицологиялық білімін кемінде 2 жылдан 10 жылға дейін алған маман ғана аурудың алдын алады. Яғни превентивті, интегративтік білімі бар маман. Мен оны «шынайы медицина» деп айтамын.