Қоғам

Қазақстандықтар енді өз қалаларын өзгерте алады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан азаматтарына өз қалаларындағы өмір сапасы туралы айту ұсынылады. Бұл елді мекендердің күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ олардың ағымдағы проблемаларын анықтайтын ұлттық рейтинг құру үшін қажет,-деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Экономикалық зерттеулер институты (ERI) үшінші жыл қатарынан қалалардағы өмір сапасының рейтингін жасау үшін зерттеу жүргізіп келеді. Сарапшылар 2022 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстандағы урбанизация деңгейі 59,4 пайызды құрағанын атап өтті.

Бұл жолы олар зерттеулерін 25 қаланың тұрғындарына сауалнама жүргізуді жоспарлап отыр. Білім беру және медициналық қызметтердің сапасы, негізгі тауарлардың (су, жарық, жылу) қолжетімділігі, жұмыспен қамту, өзін-өзі дамыту, бос уақытты өткізу, инфрақұрылымның жай-күйі, ұтқырлық, қалалық экология, экология мәселелері басым тақырыптар болып табылады.