Өнім

Бәсекесіз сайлау: Қазақстан тарихындағы президенттікке үміткер болғандар кімдер?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда жалпыхалықтық президенттік сайлау бес рет – 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жылдары өткізілді. Республика тарихындағы президенттікке үміткерлер қандай болды? Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды. 

1991 жылы ел тарихындағы тұңғыш президенттік сайлауға үш кандидат – республиканың экс-басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, ақын және «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі Олжас Сүлейменов және диссидент, қоғам қайраткері Хасен Қожахмет қатысады деп жоспарланған болатын. Бірақ Сүлейменов кандидатурасын ұсынудан бас тартты. Ал Орталық сайлау комиссиясы Қожахмет қолдауға қажетті қол жинай алмағандықтан, президенттік сайлауға түсуге рұқсат бермеді. Нәтижесiнде Назарбаев бәсекесiз сайлауда 98,78% дауыс жинады.

1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы қазіргі президенттің өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту туралы референдум өткізуді ұсынды. 1995 жылы сәуірде өткен республикалық референдумда сайлаушылардың 95,46 пайызы Назарбаев өкілеттілігін ұзартуға дауыс берді.

1999 жылғы сайлау Назарбаевтан өзге үміткерлердің қатысуымен есте қалды:

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев – 79,78%;

Коммунистік партия жетекшісі Серікболсын Әбділдин – 11,7%;

Республикалық Кеден комитетінің төрағасы Ғани Қасымов – 4,61%;

Сенатор Энгельс Ғаббасов – 0,76% дауыс жинады.

2005 жылғы кезектен тыс сайлау:

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев – 91,15%;

 «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының жетекшісі Жармахан Тұяқбай – 6,61%;

 Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Әлихан Бәйменов – 1,61%;

Парламент Мәжілісінің депутаты Ерасыл Әбілқасымов – 0,34%;

 «Табиғат» экологиялық ұйымының жетекшісі Мэлс Елеусізов – 0,28% дауыс жинады.

2011 жылғы кезектен тыс сайлау:

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев – 95,55%;

Қазақстан Патриоттары партиясының төрағасы Ғани Қасымов – 1,94%;

 КП(б)П Орталық Комитетінің хатшысы және Бюро мүшесі Жамбыл Ахметбеков – 1,36%;

«Табиғат» экологиялық ұйымының жетекшісі Мэлс Елеусізов – 1,15%.

2015 жылғы кезектен тыс сайлау:

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев – 97,75%;

Коммунистік халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы Тұрғын Сыздықов – 1,61%;

Қазақстан кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов – 0,64%.

2019 жылғы кезектен тыс сайлау:

Қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев – 70,96%;

«Ұлт тағдыры» жалпыұлттық-патриоттық қозғалысынан үміткер Әміржан Қосанов – 16,23%;

VI сайланған Мәжілістің «Ақ жол» партиясынан депутаты Дания Еспаева – 5,05%;

 «Ауыл» партиясынан кандидат Төлеутай Рахымбеков – 3,04%;

 Қазақстан кәсіподақтар федерациясынан кандидат Амангелді Таспихов – 1,98%;

 VI сайланған ҚКХП Мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбеков – 1,82%;

«Ұлы дала қырандары» ҮЕҰ үміткері Сәдібек Түгел – 0,92%.

2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Сайлау 20 қарашада өтеді деп жоспарланған.

Қазіргі президенттен бөлек, «Ауыл» партиясынан «Фермерлер қауымдастығының» төрағасы Жигули Дайрабаев, жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан (ЖСДП) партияның елордалық филиалының жетекшісі Нұрлан Әуесбаев кандидатураларын ұсынды. «Аманат» Қазақстан кәсіподақ достастығы» республикалық кәсіподақтар одағының атынан Мейрам Қажыкен кандидатурасын ұсынды.  

Осы сайлаудан кейін Тоқаев ел президентінің мандатын қайта сайлану құқығынсыз 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынды.