Bugin
Жапондық автоөндіруші Ресей нарығынан кетуге шешім қабылдады және зауытты NAMI мемлекеттік институтына сатпақ, деп хабарлайды Bugin.kz.
Reuters агенттігінің мәліметінше, келісімшарт құны бір еуроны құрайды. Құжаттарға қол қою қараша айында аяқталады.
Жапондықтардың зауыты Ресейде 2022 жылдың наурыз айынан бері тоқтап тұр. Зауыт қызметкерлеріне жұмыстан шығуға байланысты жәрдемақы яғни бір жылдық жалақы төлеуге міндеттеледі. Автоконцерннің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл шешімнің келтіретін шығыны 686,4 миллион долларды құрайды.