Технология
Бизнесті басқаруға арналған «Битрикс24» Қазақстан онлайн қызметінің зерттеуіне сілтеме жасап Bugin.kz порталы хабарлайды.
Қызметкерлерді қашықтықтан басқару оларды кеңседе отырған қызметкермен салыстырғанда әлдеқайда қиын. Алайда соған қарамастан қашықтықтан жұмыс істеу соңғы кездері белең алуда. Біз бүгін қашықтықтан жұмыс істеу қазақстандық компаниялардың жұмыс істеу тәртібін қалай өзгерткенімен таныстармақпыз. Оны
"Битрикс24" онлайн қызметі осы жылы 5-9 қыркүйек аралығында 1000 респондент арасында зерттеу жасау арқылы анықтады.
Сол зерттеуге сүйенсек:
• Компаниялардың 71% -ы компьютерлік арнайы бағдарламалар көмегімен қызметкерлердің жұмыс уақытын тиімді бақылау мүмкін емес деп есептейді;
• Сондай-ақ компаниялардың 78% - ы қызметкерлердің жұмысын бақылау үшін арнайы компьютерлік бағдарламалар пайдаланбайды;
• Қазақстандық компаниялардың 86% қашықтықтан жұмыс істемейді.
Сонымен қатар,
• Компаниялардың 65% - ы виртуалды кеңсе болса, ол қызметкерлердің қашықтықтан жұмыс істеу тиімділігін арттыратын еді деп санайды;
• Компаниялардың 34% - ы үшін қызметкерлердің жұмыс істеу тиімділігінің басты көрсеткіші болып жұмыс істеген сағаттар саны есептеледі;
• Компаниялардың 33% - ы үшін қызметкерлердің жұмыс тиімділігінің басты көрсеткіші орындалған міндеттердің сапалылығы саналады.
Зерттеудің бұдан басқа да нәтижелері:
• Сондай- ақ, компаниялардың 77% - ы қашықтықтан істейтін қызметкерлер кеңседегідей көп сағат жұмыс істейді деп санайды;
• Компаниялардың 40%-ы қашықтықтан істейтін қызметкерлермен видеоқоңырау арқылы жиналыс өткізу жұмыс өнімділігін арттырады деп есептейді;
• Компаниялардың 57%-ы әріптестерімен айына бірнеше рет онлайн жиналыс өткізеді;
• Ал 17% компания қызметкерлерін бақылау мақсатында күтпеген жерден бейне қоңыраулар жасайды;
• Қазақстандық компаниялардың 42% - ы қашықтықтан істейтін қызметкерлерін бақылау үшін ешқандай әдіс- тәсілдер қолданбайды. Бірақ 58% әртүрлі құралдарға жүгінеді, мәселен экран бетін скриншоттап жіберу, соғылған қоңырауларды жазу, тінтуірдің қозғалысы мен пернетақтаны басқанына талдау жасау, GPS трекерлері, тіпті веб-камера арқылы бақылайды екен.
Жоғарыда айтқанымыздай, компаниялардың 78% - ы қызметкерлердің жұмысын бақылау үшін арнайы бағдарламалар пайдаланбайды. Мұндай қорытындыны бизнесті басқаруға арналған "Битрикс24" Қазақстан онлайн қызметі жасап отыр. Көптеген мекемелер (нақтырақ айтқанда 71%) әртүрлі бағдарламалардың қызметін қолдану арқылы қызметкердің жұмыс уақытын тиімді басқаруға болатынына сенбейді, сондықтан да оны өз жұмыс процестеріне енгізуге ұмтылмайды.
Сонымен қатар, зерттеу негізінде бірқатар басқа да деректер анықталды. Бизнес офлайн режимге оралғанымен (жоғарыдағы статистика, компаниялардың 86%-ы кеңседе жұмыс істейді), басшылық өнімділікті арттыру үшін онлайн құралдарды пайдаланудың маңыздылығын түсінеді. Осылайша, респонденттердің 34% — ы жұмыс істеген сағаттар саны бойынша қызметкерлердің тиімділігін, ал тағы 33% - ы орындалған міндеттердің сапасы бойынша бағалайды. Сондықтан да бұдан былай, қоңырауларды жазу, тінтуірдің қозғалысына талдау жасау, GPS трекерлері, веб-камера арқылы бақылау сияқты қатаң түрде қадағалау әдістері енді өзекті емес. Дегенмен де статистика көрсеткендей әлі өзекті болмаса да компаниялардың 2% - дан 27% - на дейін мол құралдардың көмегіне жүгінеді.