Әлем

Испан тұмауы: Әлемді аласапыранға салған вирус

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1918 жылдың көктемінде ғаламшарды жойқын кесел шарпып өтті: Жер шары тұрғындарының үштен бірі өлімге әкеп соқтыратын вирусты жұқтырып, шамамен 50 миллиондай адам көз жұмды. Лаура Спинни, испан тұмауы індеті мен оның кейінгі салдары туралы әңгімелейді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Эпидемияның басталуы?

Испан тұмауын жұқтырған америкалық сарбаздар 1918 жылғы наурызда бұл дерт алғаш рет ресми тіркелген Канзастағы Кэмп-Фанстон әскери лагерінде ем алып жатады.

1918 жылдың 28 қыркүйегінде кайсыбір испан газетi тұмау тақырыбына түсіндірме жариялады. Мақалада: «Бұл инфекцияның қоздырғышы Пфайффер бацилласы, өте ұсақ және микроскоппен ғана көрінедi» деп айтылады. Түсiндiру дер кезінде жасалды: әлемдi бұрын белгiлi тұмау iндетiнiң iшiндегi ең қауiптiсi жайлап жатты. Бiрақ жоғарыдағы тұжырым дұрыс емес еді, өйткені тұмаудың қоздырғышы бактерия емес, вирус болатын. Өкінішке орай, сол кезеңнің көптеген атақты ғалымдары тұмаудың бактериядан пайда болу идеясын ұстанды, дегенмен олар бұл алапаттың алдында қауқарсыз болатын. 1918 жылдың наурызында алғашқы ауру анықталған кезден бастап 1920 жылғы наурыздағы соңғы науқасқа дейiнгi аралықта шамамен 50 миллиондай адам өлді, бірақ бірқатар сарапшылардың пікірінше, адам шығыны екі еседен көп болуы мүмкін еді. «Испан тұмауы» Бірінші дүниежүзілік соғыс және Екінші дүниежүзілік соғыс - немесе тiптi екi соғысты қоса алғандағы құрбандардан да көп адамның өмірін қиды.

Індет қасiретi инфекциялар туралы ілімнің дамуындағы бетбұрысты кезеңмен тұспа-тұс келді. XIX ғасырдың жартысында эпидемия Орта ғасырлардағы сияқты Құдайдың жазасы ретінде саналатын. Бактериялар XVII ғасырда да табылған, бірақ олар бастапқыда аурулармен байланыстырылған жоқ. 1850 жылдардың соңында француз биологы Луи Пастер микроорганизмдер мен ауру арасындағы байланысты анықтап, ал кейiннен жиырма жыл өткен соң немiс микробиологы Роберт Кох инфекциялық аурулар туралы заманауи түсiнiктердiң өрбуіне ықпал еттi. «Микробтар теориясы» жаппай таралып, фаталистік түсiнiктер ығыстырыла бастады. ХХ ғасырға қарай микробтар теориясы гигиена мен санитариядағы ілгерілеушілікпен астаса отырып, өнеркәсіптік революция нәтижесінде үлкен қалалар тұрғындарының тығыз орналасуына орай ауруларға қарсы күресте жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді. XIX ғасырда тырысқақтан, сүзек пен туберкулезден мыңдаған қала тұрғындарының өлгені сонша, қалалар дені сау шаруалармен үнемі толығып тұруға тиiс едi. Қала тұрғындарынын саны табиғи көбею арқылы сақталып отырды.

1918 жылға қарай ғылымға деген сенім өте жоғары болып, тіпті кейбір ғалымдар тоқмейілси бастады. Он екі жыл бұрын Дж. Б. Шоу өзінің «Таңдау алдындағы дәрігер» атты пьесасын жазып, онда іш сүзегiне қарсы вакцина жасаған сэр Алмрот Райт түптұлға болған әйгілі дәрігер Коленсо Риджон пациенттердің тағдырымен «ойнайды». Шоу дәрігерлерді менмендіктен сақтандырды, бiрақ олардың білімінің саяздығы тек «халықтың тығыздығына» байланысты испан тұмауының жаппай таралуы кезiнде белгiлi болды.

ХХ ғасырдың басында ғалымдар «микробтар» туралы ой қозғағанда, олар әдетте бактерияны меңзеген еді. Вирустар жаңадан пайда болды: 1892 жылы ашылған алғашқы вирус темекі өсімдіктерін зақымдап, тек ауруды жұқтыру қабілетімен байқалды. Көптеген бактериялардан айырмашылығы, ол ұсақ болғаны сонша, оптикалық микроскоппен де көрінбейтін.

«Ғалымдар вирустарды көрмей тұрып, олардың жаратылысы жөнінде: олар организм бе немесе уыт па, сұйықтық па немесе бөлшек пе, өлі ме немесе тірі ме деп дауласты».

Вирустар сырға толы құпияға айналды және ешкім оларды тұмаудың себебі болуы мүмкін деп ойлаған жоқ.

1889 жылғы оның алдындағы індет - «орыс тұмауы» кезiнде Кохтың шәкірті Ричард Пфайффер тұмау бактериясын тауып, сәйкестендіргенін мәлімдеді. Пфайффер бацилласы шынында да бар екенi белгiлi, бiрақ ол тұмау емес, ауру туғызатын.

1918 жылғы індет кезiнде паталогоанатомдар тұмаудан көз жұмғандардың өкпе тіндерінен Пфайффер таяқшасын тапты бiрақ ол барлығында болмағандықтан мамандар тығырыққа тірелді. Пфайффер бацилласына карсы вакцинаның кейбiр пациенттердің жағдайын жақсартып, тағы да түсінбестік туғызды.

Идеяның туындауы

«Микробтар теориясын» дамытуға ықпал еткен Доктор Роберт Кох (отырған адам) және оның шәкірті Ричард Пфайффер ХІХ ғасырдың соңында жұмыс үстінде. 1889 жылы басталған «орыс тұмауы» эпидемиясы кезінде Пфайффер тұмау бацилласын анықтадым деп мәлімдеді - ал іс жүзінде тұмауды вирус туғызатынын бiлген жоқ.

Аурудың таралуын бәсеңдету

АҚШ-тың Қызыл Крест жұмыскері ауруды жұқтыру немесе таралу қаупін азайтуға арналған бетперде киіп тұр, 1918 жыл. Дәрігерлер бастапқыда инфекция қоздырғышының жаратылысын түсінбегенімен, «әлеуметтік қашықтықты сақтау» тұмаудың таралуын бәсеңдетуге көмектесті.

Шын мәнінде, олар көбіне арты өлімге әкелетін қайталама бактериялы өкпе қабынуына қарсы тиімді болды, ал ғалымдар өз қателіктерін тым кеш түсінді.

Атаулар ненi бiлдiредi?

«Орыс тұмауы» сол кезеңде Ресей империясының құрамына кірген Өзбекстанда пайда болды деп саналды, атауы да осыдан шыққан. Бұдан соң шамамен 30 жылдан кейін кенеттен пайда болған індет Испаниядан шықпаса да «испан тұмауы» ретінде танымал болды. Ол әлемді үш толқынмен шарпып өтті: солтүстік жарты шарда бiрiншi, салыстырмалы түрде жеңіл толқын 1918 жылдың көктемімен тұспа-тұс келдi; келесі күздегі толқын өлiм-жiтiмге толы болды, ал 1919 жылдың басындағы толқын алғашқы екi толқыннын арасында уыттылығы бойынша орташа еді. Алғашқы ауру оқиғасы 1918 жылдың наурызында Кэмп-Фанстонда, Канзастағы әскери лагерде тіркелді. Алты апта ішінде ауру Франциядағы батыс майданның қазынлған бекіністеріне де жетті, бірақ тұмау Испанияда мамырда ғана көрініс берді.

АҚШ пен Францияға қарағанда, Испания соғыста бей тараптылық ұстанды және баспасөз цензура сүзгісінен өткен жоқ. Испандықтарға алғашқы ауру оқиғалары туралы газеттер арқылы хабарланды, себебі науқастар арасында король Альфонсо XIII, премьер-министр және бірнеше кабинет мүшелері болғандықтан, елдің мүшкіл жағдайы айқын еді. Бүкіл әлемде адамдар ауру Мадридтен таралып жатыр дегенге сендi және бұл жалған хабарламаны кінәні басқаға аударуға жаны құмар, соғысушы елдердің насихатшылары қыздыра түсті. Атауы да сіңісіп кетті.

Испандықтар болса, әлбетте жабылған жалаға қорланды: тұмаудың шекара арқылы таралуы бойынша француздардан күдіктенгенімен, оған сенім аздау еді. Басқа атауды iздеу кезінде испандықтар астаналық театр Сарсуэлада койылған «Неаполитан сарбазы» атты тез таралғыш ән айтылатын Дон Жуан туралы опереттаға назар аударды. Испаниядағы таралғыш ауру да осындай атауды иеленді.

Испан тұмауы Испанияда басталмағанымен, бұл аурудан ел қатты зардап шекті. ХХ ғасырдың басында тұмауға барша адам шалдыққыш болғандықтан ол демократиялық ауру деп саналды. Бірақ індет өршіген кезде аурудың белгiлi бiр жас шамасын: өте жас және қарт кiсiлердi, сондай-ақ 20 мен 40 арасындағы орта жастағыларды «ұнататыны» байқалып калды. Әсіресе, жұқтыру қаупі жоғары жүкті әйелдерді қоспағанда, ер кісілер әйелдерге қарағанда жиi ауырды.

Осы жас шамасы мен гендерлік заңдылықтар бүкіл әлем бойынша бірдей болғанмен, тұмаудың уыттылығы елден елге көшкен кезде өзгеріп отырды. Азияның кейбір өңірі халқының еуропалықтарға қарағанда, тұмаудан қайтыс болу ықтималдығы 30 есе жоғары болды. Жалпы Азия мен Африкада өлім көрсеткіші жоғары болса, Еуропада, Америка мен Аустралияда ең төмен көрсеткіш байқалды.

Алайда құрлықтар ішінде айырмашылықтар көп еді. Сахараның оңтүстігіндегі африкалык елдерде солтустік аумақтарға қарағанда өлім-жітім көрсеткіші екі-үш есе жоғары болды. Испанияда Еуропадағы өлім-жітімнің ең жоғары деңгейi тіркеліп, Ұлыбританиядан екі есе, Даниядан үш есе жоғары болды.

Айырмашылық мұнымен аяқталған жоқ. Жалпы ауылдарға қарағанда қалаларда киын ахуал қалыптасты және қалалар iшiндегi жағдай да бiркелкi емес болатын мысалы, жанадан қоныстанушылар байырғы тұрғындарға қарағанда көптеп көз жұмды. Ауылдық жерлерде өлім-жітім шектен тыс асып кетсе, кей жерлерде шыгын аздау еді.

«Испан тұмауы «түсініксіз үрей мен адам айтқысыз сұмдық сезімді» тудырды»

«Қандай да бір адам айтқысыз сұмдық»

Тұмау бейберекет түрде жұғатын сияқты болып көрінді және айрықша қатігездігі осында еді. Күш-қуаты толысқан жастар жаппай өліп, кейбiр қоныстар бос тұрды. Балалар анасыз, қарт кісілер - қамкорлықсыз және қараусыз қалады. Адамдар бұл лотереяны түсіндіруге ұмтылған сайын ауру үлкен үрей туғыза түсті. Лионнан келген француз дәрігері өзі сипаттай отырып, майданда өз басынан өткерген «бос құрсаққа» тіптен ұқсамайды деп жазады. Бұл «түсініксіз үрей, қала тұрғындарының берекесін алған адам айтқысыз қорқыныш сезiмi» еді.

Тек кейінірек, эпидемиологтар цифрларға назар аудара бастағанда ғана заңды жағдайлар байқалып, аурудың жаратылысын түсінуге алғашқы әрекеттер жасалды. Тұмауға әр түрлі дәрежедегі шалдыққыштық әл-ауқат деңгейі мен әлеуметтік мәртебеге, сондай-ақ тері түсіне, яғни аталған факторларға қаншалықты байланысты болуымен түсіндірілді. Денсаулыққа әсер ететін нашар тамақтану, халықтың тығыз орналасуымен медицинаға қолжетімсіздік салдарынан кедейлер, иммигранттар мен аз ұлттар инфекцияға сезімтал болады. Француз тарихшысы Патрик Зильберманның тұжырымынша, «вирус өздігінен «демократиялық» әрекет етуі мүмкін, бірақ ол шабуыл жасаған қоғам эгалитарлық емес еді».

Қандай да бір басқа науқасы бар адам испан тұмауын жұқтыруға бейім болады. Бірақ бұрын ауырғандардың тұмауы жеңіл түрде өтті. Тарихи жағынан ауыру тәжірибесі жоқ шалғай елді мекендер, сондай-ақ бірінші толқыннан аман қалған қалалар қатты зардап шекті, себебі олар екінші толқынға иммунологиялық тұрғыдан «дайын емес» болатын. Мысалы, Рио-де-Жанейро 1918 жылғы қазанда тұмаудың бір ғана толқынын басынан өткерді, бұл ретте, көктемгі және күзгі толқындарды өткерген солтүстіктегі америкалық қалаларда өлім-жітім деңгейі екі-үш есе асып түсті. Аляскадағы Бристоль Бей 1919 жылдың басына дейiн індеттен алыс болды, бірақ вирустың енуiнен эскимос халқы бірден 40%-ға азайып кетті.

Денсаулықты сақтау жөнiндегi науқандар жағдайды өзгертті, алайда дәрігерлер аурудың шығу себебін түйсіне қоймады. Ежелден бері адамдар ауру жұқтыру қаупі туындаған кезде «әлеуметтік қашықтықты сақтау» тәжірибесін қолданатын. 1918 жылы карантин аймақтары, оқшаулау орындары мен жаппай жиналуға тыйым салу шаралары енгізілді, бұл шаралар сақталған жерлерде аурудың таралуы бәсеңдеген. Аустралия порттарда қатаң карантин енгізе отырып, күзгі толқынның алдын алды.

Бұл шаралар ұстанған қағиданы растай түсті. 1918 жылы Парсы елі «Үлкен ойында», яғни Араб және Каспий теңіздері арасындағы ауқымды аумаққа бакылау жасау жолында британдықтар орыстар арасындағы күресте қолжаулық болып, дәрменсіз бірыңғай санитариялық инфрақұрылым болған жоқ, сондықтан да 1918 жылдың тамызында елдің солтүстік шығысындағы қасиеттi мен Мешхед қаласында тұмау тарала бастады, ешқандай әлеуметтік оқшаулау шаралары қабылданған жоқ.

Амритсар қырғыны

1919 жылғы 13 сәуірде әскерилер үнділердің Амритсар қаласында наразылық білдірушілер тобына оқ жаудырып, жүздеген адамды өлтірді. Үндістандағы эпидемияға Ұлыбританияның жеткілікті түрде ден қоймауы тәуелсіздікті талап еткендер арасында наразылық көңіл-күйді күшейтті

Ауруға қарсы ереуіл

Швейцария кавалериясы 1918 жылғы қарашада Цюрихте өткен жаппай ереуіл кезінде жұмысшыларды тоқтатып тұр. Швейцария испан тұмауынан қатты зардап шегіп, індет наразылық пен ереуілдерге әкелген көптеген елдердің бірі болды

Вирус құрбандары

Тұмаудың кесірінен жетім қалған балалар. Накнек, Бристоль-Бей, Аляска. 1919 жылы Бристоль-Бейдегі эскимостардың саны эпидемия салдарынан 40%-ға азайды

Қорғаныш бетпердесі

Токио мектеп оқушылары тұмаудың алдын алу үшін қорғаныш бетперделерін тағып жүр. Жапондықтар арасында бетпердені пайдалану 1918-20 жылдары эпидемия кезінде және кейіннен инфекция ершіген кезде де артып, бұл шара Жапонияда осы күнге дейін жалпыға бірдей қабылданған қағида болып қалды.

Екі апта ішінде инфекция Мешхедтің әрбір үйі мен әр дүкеніне дейін еніп, ал күзде қала халқының үштен екісі ауырып жатты. Ел iшiндегi қажылар, сарбаздар мен саудагерлер тұмауды түкпір-түкпірге таратты.

Эпидемия кезінде Парсы елі халқының саны 8%-дан 22%-ға дейін кеміді (цифрлардың әркелкілігі дағдарысты бастан кешірген елде деректер жинау бірінші кезектегі міндет емес екенін көрсетеді). Салыстыру үшін айтсақ, тіпті 8% көрсеткіш Ирландиядағы тұмаудан болған өлім-жітімнен 20 есе асып түседі.

Ауру мен өлім-жітім деңгейінің айырмашылығын түсіндіру әрекеті сол кездегі жұқпалы ауруларды түйсіну немесе оларды толық ұғынбау деңгейін көрсетіп берді. Чарльз Дарвин «Түрлердің шығу тегі туралы» (1859) еңбегінде табиғи сұрыптау арқылы эволюция теориясын жазған кезде оның идеялары Эвгениканың жекелеген «ғылымын» құра отырып, адамзат қоғамына қолданылады деп ойлаған да жоқ.

Эвгенистер адамзат өмір сүру үшін бәсекелесетін «нәсілдерден» тұрады деп санады. 1918 жылға қарай өнеркәсібі дамыған қоғамдарда бұл идеялар кең таралды. Кейбір эвгенистер тұмау қоғамның кедей топтарына көбірек тарайтынын байқады және мұны Конституциялық кемшілікпен түсіндірді. Олардың дүниетанымында микробтардың орны мен теориясы болды: олардың пікірінше, егер кедейлер мен жұмысшылар инфекцияларға көбірек бейім болса, онда олар өздері кінәлі, өйткені Пастер инфекцияның алдын алуға болады деп үйреткен.

Үндістандағы толқулар

Ойлаудың мұндай кейпінің сұмдық салдары Үндістан мысалынан айқын байқалады. Британ отарлаушылары ұзақ санап, жергілікті халықтың денсаулығын сақтауға көп инвестиция жұмсаған жоқ. Індет салдарынан 18 миллион үндiлiк көз жұмды — бұл әлемнің барлық елдері арасында абсолютті көрініс бойынша ең жоғары өлім-жітім болатын. Тұмаудың таралуына Ұлыбританияның селқос ден коюы тәуелсіздікті жақтаушылар арасындағы наразылықты күшейте түсті.

1919 жылдың басында Роулетт Заңы қабылданғаннан кейiн билікке төтенше өкілеттіктер беріліп, шиеленіс шегіне жетті және бұл бейбіт наразылықтарға әкелді. 13 сәуірде британдық күштер Амритсарда қарусыз адамдарға оқ жаудырып, жүздеген үнділікті өлтірді. Бұл қырғын Тәуелсіздік жолындағы қозғалысқа түрткі болды.

Испан тұмауы басқа елдерде де көтерілістер тудырды. 1918 жылдың күзінде бүкіл әлемді жұмысшылар ереуілдері мен империализмге қарсы наразылықтар толқыны шарпып өтті. Наразылық 1917 жылғы орыс революциясы тұтанғанға дейін де басталған болатын, бірақ тұмау отты одан әрі өршітіп, ауыр жағдайды ушықтырды және таптар теңсіздігін айқын көрсетті. Тіпті өркендеген Швейцарияның өзі 1918 жылы қарашада азамат соғысынан әрең бас сауғалады, солшылдар әскердегі тұмаудың кесірінен өлім-жітімнің жоғары болғаны үшін бар кінәні үкімет пен әскери қолбасшылыққа артты.

Төрткүл дүниенің кей түкпірінде адамдар Дарвин туралы да, микробтар теориясы туралы да ештеңе естімеген еді және халық тек сыннан өткен құралдарға жүгінді. Мысалы, Қытай ауылдарында көптеген адамдар әлі де ауруды жындар мен айдаһарлар жібереді деген сенiмде болды; адамдар ашулы рухтардың қаһарын жұмсарту үшін айдаһарлар патшасының суретін көтеріп, шерулер ұйымдастырды. Миссионер дәрігер 1919 жылдың басында Шаньси провинциясындағы әр үйдің есігінде жын-перілерді қорқытатын немесе «оларды қақ бөлетін» қай-шыны көргенін айтты.

Тіпті көзі ашық Батыстың өзінде де адамдар ештеңеге сенімді болмады. Өлім ешбір себепсіз жалмайтындай көрінді. Көптеген адамдар Дарвинге дейінгі мейлінше мистикаға берілген дәуірді ұмытқан жоқ, ал төрт жыл iшiнде психологиялык орнықтылық әлсіреп кеткен-ді.

Ғалымдардың дәрменсіздігін көріп, көптеген адамдар індет - бұл күнәлар үшін Құдайдың жіберген жазасы дегенге сенді. Газеттер Пфайффер бацилласын қоздырғыш деп атаған Испанияның Самора қаласында епископ жаппай жиындарға тыйым салынғанына қарамастан, адамдарды «Құдайдың әділ қаһарын» жұмсарту үшін шіркеуге баруға шақырды.

Кейіннен бұл қалада тұмаудан болған шығын Испанияда ең жоғары көрсеткішке әкелді. Тұрғындар бұл туралы білді, бірақ епископпен өшікпеген сияқты. Тіпті ол адамдардың күйзелісін жеңілдетудегі батыл әрекеті үшін медальмен марапатталады.

Адамдардың тұмауға деген көңіл-күйін ол туралы ілім олқылықтары осылай көрсетті. 1918 жылғы індет ғалымдардың менмендігіне күйрете соққы берді, ондаған жылдар бойы көптеген елдердің әлеуметтік және саяси жүйесін ыдырата отырып, оған мүлдем дайын емес әлемді дүр сілкіндірді.

Лаура Спинни, жазушы және журналист. «Жадау салт атты: испан тұмауы әлемді қалай өзгертті?» кітабының авторы

Материал BBC History журналынан алынд