Bugin
Профессор Алекс Корб ғылыми зерттеулерге негізделген негативпен күресудің бірнеше жолдарын ұсынады. Нейролог Алекс Корб бірнеше жылдар бойы депрессиямен байланысты ми процестерін зерттеп келеді. Ол өзінің «Жоғары спираль» («Восходящая спираль») кітабында негативпен қалай күресуге және бақытқа қалай жетуге болатыны туралы ойларымен бөліседі. Атап айтқанда, Корб ғылыми зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, позитивті ойлауды бастаудың 4 әдісін сипаттайды.
Көңіл-күйіңізді тез көтеретін 4 қарапайым қадам:
1. Эмоцияларыңыздың қалай пайда болғанын жазып алыңыз - бұл оларды жақсы түсінуге көмектеседі.
Қанағаттанбау немесе ашу сияқты жағымсыз эмоцияны сезінсеңіз, оны қағазға түсіріп, жазып алыңыз. Бұл мағынасыз болып көрінуі мүмкін, бірақ сіз бастан кешірген нәрсені оның атымен атасаңыз, мидың жауап беру жылдамдығы айтарлықтай артады.
Сезімдерді анықтау арқылы сіз оларды танисыз және әсер ету күшін азайтасыз. «Жоғары спиральда» айтылған зерттеулердің бірінің нәтижелері өздерінің жағымсыз сезімдерін мойындайтын және қабылдайтын адамдарға олардан аз әсер ететінін көрсетті. Әдетте, біз эмоцияларымыз туралы кейінірек ойланамыз, бірақ сіз оларды бірден тануды үйренсеңіз, жағдайды бақылауға ала аласыз.
2. Өзіңізге қуаныш әкелетін нәрселер туралы ойланыңыз
Алекс Корбтың айтуынша, ризашылық біз ойлағаннан да көп пайда әкеледі. Атап айтқанда, ол дофамин мен серотонин (қуаныш пен бақыт сезіміне жауап беретін нейротрансмиттерлер) өндірісін көбейтеді және әлеуметтік байланыстардың сапасына әсер етеді.
Сіз барынша тек жақсы нәрселер туралы ойлануға тырысыңыз. Позитивті нәрсеге назар аудасаңыз, мәселені қабылдау және оны шешу жолымен жұмыс істеу оңайырақ болады.
3. Идеал шешімдер жоқ
Корбтың айтуынша, ниет ету, алға мақсат қою және әрекет ету уайым мен алаңдаушылық сезімін азайтатын позитивті нейрондық жүйені оятады. Шешім қабылдаған кезде сіз жағдайдың бақылауда екенін сезінесіз. Ал бақылаудың жоқтығы дәрменсіздік сезіміне және шексіз тәжірибелерге әкеледі.
Егер сіз маңызды шешімдер қабылдау процесін кейінге қалдыра берсеңіз, идеалды шешімдерді іздесеңіз, онда орындалмаған тапсырмалардың көлеңкесі сізге біліне бастайды. Бұл көбінесе өзіне деген сенімсіздікке әкеледі.
Есіңізде болсын, «дұрыс емес» шешім қабылдап қоямын ау деп тым көп уайымдау - ең нашар шешім.
4. Жанасу күшін пайдаланыңыз
Жасыратыны жоқ, басқалармен қарым-қатынас жасау сізді бақытты етеді. «Жоғары спираль» кітабында адамдар арасындағы физикалық байланыстың маңыздылығы туралы айтылады. Өйткені жанасу денеде окситоцин өндірісін арттырады, бұл эмоцияларды басқаратын амигдаланың реактивтілігін төмендетеді.
«Махаббат гормоны» окситоцин адамдармен қарым-қатынасымызды басқарады, сонымен қатар ол ана мен бала арасындағы байланыстың қалыптасуына көмектеседі.
Біз барлығымыз жайлылық қажет болғанда физикалық байланысқа ұмтыламыз. Өйткені, кейде жақын адамыңды құшақтаудан артық ештеңе көмектеспейді. Сіз басқа адамды құшақтап немесе сүйгенде, мида окситоцин ынталандырылады. Сонымен қатар, бұл гормон сенімділік деңгейін арттырады.
Корб өзімізді нашар сезінген кезде жақын адамның қолынан ұстау арқылы ғана тынышталамыз және физикалық ауырсынуды азайтамыз деп атап өтеді. Сондықтан жанасу күші туралы ұмытпау өте маңызды.