Bugin

Бүгін Қазақстанда қандай ауа райы күтілуде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2 қарашада Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен құбылмалы күн райы сақталады. Онымен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Республика бойынша – тұман, екпінді жел, батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте – көктайғақ, солтүстік-батыста жаяу бұрқасын болжанады. 

Түркістан облысының таулы аудандарында таңертең және күндіз қатты жаңбыр күтіледі.