Әлем

Кореяның екіге бөлінуіне Кеңес Одағының әсері болды ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгінде Корея екіге бөлінген: корей түбегінің оңтүстігінде – Корея Республикасы, ал солтүстігінде – Корей Халық Демократиялық Республикасы (Солтүстік Корея деп та аталады) орналасқан.

VII ғасырдан бастап Корея біртұтас мемлекет ретінде дами бастады. Алайда ХХ ғасырдың ортасындағы бірқатар оқиғалардың әсерінен ел екі аймаққа бөлінді. Қазіргі таңда қос мемлекеттің саясаты, экономикалық және мәдени жағдайлары әртүрлі.

VII ғасырдан ХХ ғасырға дейін Корея біртұтас мәдени құндылықтары бар мемлекет болды. Солтүстік пен Оңтүстік арасында ешқандай айырмашылық болған жоқ. Дегенмен колония жылдарында (1910-1945 ж.ж.) Корея географиялық тұрғыдан өте айқын бөліне бастады. Солтүстік провинцияларда өнеркәсіптік аймақтар, ал оңтүстік провинцияларда жер иелері болды. Жапон отаршылдығы жылдарында ел экономикасының бұлай әркелкі дамуы бөлінгеннен кейін теріс әсер етті. Корея колония ретінде метрополиямен өте тығыз байланысты болды. Бір жерде станоктардың құрамдас бөліктері шығарылды, екіншісінде жиналды, ал үшіншісінде сатылды. Сондықтан Кореяның оңтүстік және Солтүстік провинциялары экономикалық жағынан бір-бірімен де, метрополиямен де тығыз байланысты болды. Ел бөлінгеннен кейін және КР мен КХДР құрылғанға дейін оңтүстік пен солтүстік арасындағы сауда байланыстары онша қарқынды болған жоқ. Кореяның бөлінуінде мәдени емес, сыртқы саяси фактор үлкен рөл атқарды.

1945 жылы Екінші дүниежүзілік соғыста Жапония жеңілгеннен кейін корейлер ұлттық тәуелсіздік жарияланады деп күтті. Бірақ бұған корейлердің өз елін азат етуге қатыспауы кедергі болды болды. Корея аумағындағы барлық құрлықтағы операцияларды Кеңес әскері (1-ші Қиыр Шығыс майданының 25-ші армиясы) жүзеге асырды, ал американдық әскерлер теңізде операциялар жүргізді. Корейлер отарлық тәуелділіктен босталығанымен, оларда нақты билік болмады. Корея жапон империясының соғысында жеңілген бұрынғы колония ретінде өз билігін қолына ала алмады. Осыған сәйкес КСРО мен АҚШ Кореяның саяси партияларымен бірге елдің саяси болашағын анықтауы керек еді. АҚШ Кореяға Филиппиннің режиміне ұқсас қамқоршылық режимін енгізуді ұсынды. 1945 жылғы Мәскеу кеңесінің шешімімен Корея 5 жыл бойы халықаралық қамқоршылық кеңесіне кіретін мемлекеттердің қамқорлығында болады, содан кейін ғана толық тәуелсіздік алады деп болжанған.

warspot.ru

warspot.ru

1945 жылы тамызда Корей түбегіндегі әскери жауапкершілік салаларын 38-ші параллельге бөлу туралы шешім қабылданды. Бұл сызық кездейсоқ таңдалмаған еді. Отыз сегізінші параллель жапон армиясының бөлімдері арасындағы бөлу сызығы болды: 38-ші параллельдің солтүстігінде орналасқан әскерлер Квантун армиясының қолбасшылығына, ал оңтүстігінде 17-ші әскерге бағынды. Ал америкалықтар Корея астанасы Сеулдің жауапкершілік аймағына кіруіне мүдделі болды. Сондықтан АҚШ мемлекеттік департаменті 38-ші параллельдің оңтүстігіндегі бүкіл аумақты, соның ішінде астананы американдық әскери жауапкершілік аймағына қосуды талап етті. Сталин американдық тараптың ұсынысына ешқандай түзетулер енгізбеді және бұл тақырыпта ешқандай пікірталас болған жоқ.

Корея азат етілгенге дейін де Шанхайда эмигранттар үкіметі орнықты. Ал 1945 жылы 4 қыркүйекте Корея Халық Республикасы жарияланды. Бірақ КСРО мен АҚШ корейлерге тәуелсіздік беруге дайын емес еді. 1945 жылы желтоқсанда АҚШ, КСРО және Ұлыбритания Сыртқы істер министрлерінің Мәскеу кеңесінде Кореяға қатысты қамқоршылық режимін қолдану туралы шешім қабылданды.

1946 жылы КСРО Корей түбегінің солтүстігінде Достық социалистік мемлекет құруға бет бұрды. Кореяның солтүстігінде орналасқан корей ұлтшылдары бұл режимге қарсы болды және Кореяның дереу тәуелсіздігін алуды қалады. Бірақ КСРО солтүстіктегі барлық оңшыл қозғалысты тез басып тастады. Кореяның оңтүстігінде оңшыл ұлтшылдардың пікірі саяси тұрғыдан сәтті қабылданды. Өйткені олардың көпшілігі американдық әскери әкімшіліктің басқару жүйесіне (1945-1948) біріктірілді.

Сонымен Ким Ир Сеннің Кореяны әскери жолмен біріктіру әрекеті сәтсіз аяқталды. 1950-1953 жылдардағы соғыс нәтижесінде Корей түбегі екі мемлекетке — КХДР мен Корея Республикасына бөлінді. Сондай-ақ соғыс Корея Республикасының Америка Құрама Штаттарына тәуелділігін күшейтті.

1950 жылдардың басында Солтүстік Корея басшысы Ким Ир Сен Кореяның оңтүстігін әскери басып алу идеясын белсенді түрде алға тартты. 1948 жылы мамырда Ұлттық Ассамблеяға сайлау іс жүзінде оңтүстіктегі азаматтық соғыс жағдайында өтті. Бұдан кейін де 1948 жылғы сәуірдегі Чечжудо көтерілісі, 1948 жылғы қазандағы Йосу сарбаздарының көтерілісі, т.б. болды. Осы оқиғалардың әсерінен Корея Республикасының президенті Ли Сын Ман коммунистік және Солтүстік кореялық үгіт-насихаттың кез-келген түріне тыйым салатын «Ұлттық қауіпсіздік туралы» заң қабылдады.

postnauka.ru

postnauka.ru

Кеңес Одағы Кореяның КХДР жағында бірігуі үшін қақтығысқа араласқанымен, оны ашық қолдамады. Бірақ қытай армиясы (Қытай Халық еріктілері) тікелей тартылды. Оңтүстік АҚШ-тың әскери көмегін пайдаланды, олар БҰҰ-ның бітімгершілік күштерін Оңтүстік Кореяға жіберуді қолдады. Егер американдықтар мен БҰҰ әскерлері оңтүстіктерге уақытында көмектеспесе, бүгінде Оңтүстік Корея болмауы да мүмкін еді.

Қазіргі таңда халық арасында Оңтүстік және Солтүстік Корея болып аталып кеткен екі елдің мәдениеті де, тұрмыс салты да, экономикалық жағдайы да әртүрлі. Олар саяси тұрғыдан бірлескен жобаларды жүзеге асырмайды. Ең бастысы – оңтүстіктің солтүстікке, ал солтүстіктің оңтүстікке ресми кіруіне жол жоқ.

Дереккөз: postnauka.ru