Өнім
Эмоционалды интеллектінің ұйымды басқарудағы қажеті қандай.
Эмоциялық интеллект – психология ғылымында қарқынды зерттеу нысанына айналған өзекті мәселелерлдің бірі. Бұл мәселе бойынша сан алуан практикалық тұрғыдан ғалымдар бірнеше зерттеу еңбектерді, мақалалар мен кітаптарды жазып қалдырған. Бүгінгі күні эмоциялық интелектіні зерттеу қажеттілігі психология ілімінде басымдыққа ие зерттеу нысаны болып отыр. Себебі эмоциялық интелектіні зерттеу – әлеуметтік-психологиялық бейімделу, кәсіби іс-әрекет нәтижелігінің факторы ретінде қарастырылуымен ерекшеленеді.
Жалпы алғанда, эмоция ұғымы психологияда сан түрлі анықтама берумен түсіндіріліп келеді. Мәселен, эмоция – адамның айналасындағы өмір шындығына және өз басына деген өзіндік қарым-қатынасы. Күнделікті өмірде адам эмоциясын әр түрлі тұрғыдан көрсетеді. Сол себепті, эмоцияның психологияда дәстүрлі компоненттері бар. Мәселен, жест, мимика, пантомимика, тілдің эмоционалды компоненттері, вегетативті өзгертулер сынды эмоциялық күй-ахуалдың сыртқа шығу жолдары баршылық.
Қазіргі таңда заман талабына сай көп жерде топтық, ұжымдық немесе ұйымдық жұмыс атқару белең алып жатыр. Осыған байланысты басқару психолгиясында басшының және ұйымдағы эмоциялық күйді басқара білу әрекетін зерттеу басшылыққа алынды. Себебі көзделген мақсатқа жету үшін де ұйымдағы адамдардың қарым-қатынасында эмоцияның әсері зор. Осы тұрғыдан, біз жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры психология ғылымдарының кандидаты Н.С. Жубаназарова пәнді оқу барысында магистранттармен пікір алмасып, ойталқы жасадық.
Пікір алмасу барысында психология ғылымын зерттеген Б.Д.Парыгиннның 2 негізгі сауалына жауап іздедік. Бірі – адамдардың өз жұмысына, еңбегіне деген эмоциялық халы-ахуалы қандай? Екінші сұрақ – ұйымдық жұмыстағы ұйымдастырдың өз ішінде бір-біріне деген қарым-қатынасы қандай? Бұл сауалдың жауабы ретінде басқару психологиясында ұйымдағы эмоциялық күйдің танылу сипатының 8 түрі бар.
Біріншісі – топ мұшелерінің бір-біріне деген сенімі мен талапшылдығы; екіншісі – іскерлік қабілеті мен тілектес болуы; үшіншісі – өз ойын еркін жеткізе алуы; төртіншісі – жұмысшыларға басшы қысым жасамауы; бесіншісі – жұмысшылар еркін шешім қабылдай алуы; алтыншысы – ұйымның мүшесі болуынан рахат алуы; жетіншісі – ұйымға өз көмегін көрсете алуы; сегізінші – ұйым үшін жауапкершілік ала алуы. Осы пункттер арқылы ұйымдағы эмоциялық күйге анализ жасап, оны басқарудың жолдарын анықтауға болады.
Анализ жасау барысында ұйымдық бірігуге, еңбекке қанағаттану, әлеуметтік даму талаптарына сай болу, күй потенциалы сияқты көрсеткіштерді анықтауға болады. Семинар барысында біз осы пункттердің қаншалықты дұрыс, әрі нақты екендігіне, оларды қалай анықтауға, ұйымдағы адамдардың эмоциясын тану үшін біз рөлдік орында болып пікір алмастық.
Ең бастысы, Н.С. Жубаназарова пәнді оқу барысында магистранттарға тек теориялық білімді ғана алып қоймай, оны практика жүзінде айқындап отыруды, өмірлік жағдайлармен сәйкестендіріп шеше білуді үйрететті. Осының арқасында біз магистранттар қандай да болмасын мәселені қарастырғанда оны басынан аяғына дейін зерттеп, ой елегінен әрбір ұсақ-түйегіне дейін өткізуге дағдыланып келе жатырмыз. Осыдан келе, пән негізінде қарастырылған Н.С. Ахтаеваның «Басқару психологиясы» еңбегі бойынша өткен тұлға мәселесі, адам эмоцияларын басқару, темперамент, ұйымның толықтай құрылысы, ондағы әрбір қызметкердің орны, тиімділік, өнімділік т.б. мәселелердің барлығы оқытылатын пән аясында ғана шектеліп қалмай, өмірге керек білім екендігіне тағы да бір рет көз жеткізіп жатырмыз.
Қорыта айтқанда, ұйымдағы эмоцияны басқару өте маңызды. Басшы басқару кезінде өзінің жұмысшыларымен дұрыс қатынас жасай білуі шарт. Себебі, еркін қатынас жасаса онда мақсатқа жету екіталай, Ал тым қатал болса онда ұйым мүшелерінің эмоциялары жағымсыз болып, жұмыс жасауға деген ынталары болмай қалады. Сондықтан басшы ретінде басқару да қиынның қиыны. Не де болса, орта деңгейде тым қатал немесе тым еркінсітіп жібермеу керек. Осыны үйрету үшін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің магистранттары оқитын «Басқару психологиясының» пән ретінде берері көп.
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті Н.С.Жубаназарова
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры З.Б.Мадалиева
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1-курс магистранты Нұстаева Ардана